Архив меток: Мұрат Әйтенов

ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫ ЖАҢАДАН АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Еңбекші ауданында бұған дейін ауласы абаттандырылмаған 64 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар, 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынға алып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті. Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойынша өткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына деген наразылығы көп екенін айтты. «Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысының өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ КЕЛЕСІНІ ХАБАРЛАЙДЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссия мүшелері әрбір нақты жағдай бойынша тиісті жұмыс жүргізуде. «Берілген бір миллион теңге төлемдерге келетін болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады»,-деп жазды қала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША МӘЛІМДЕДІ

Дәл бүгінгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Бұл туралы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. — Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. Яғни, науқастар саны күрт артты,-деп мәлімдеді Мұрат Әйтенов. Ағымдағы жылдың ...

Читать далее »

100 САРБАЗДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Нақтырақ айтсақ, бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ

Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. ...

Читать далее »

ҚОНАЕВ КӨШЕСІН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын. Қазіргі таңда сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 100 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

30 жылдан ауласында балалар алаңшасы болмаған Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Тіпті есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен. Енді міне есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз, деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Людмила Розанова. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАШЫҚТЫҚТАН МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді. Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан ...

Читать далее »

Шымкентке кіретін жолдар толық жабылады

31 наурыз сағат 21:00-ден бастап Шымкентке кіретін барлық жолдар жабылады Шымкент қаласында бүгін сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті мәлімдемесінде айтты. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Қазақстанда ...

Читать далее »