Елімізде 17 тамыздан бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Ал шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу карантиннен шығу кезіндегі маңызды қадамның бірі болып отыр. Осыған орай 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын нысандар белгілі болды. Дегенмен шектеу шаралары жеңілдетілді деп, санитарлық нормаларға бейқам қарауға мүлде болмайды. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларының ең қарапайым түрі бетперде ...
Читать далее »Архив меток: карантин
МОБИЛЬДІ ТОПТАР 23 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады. «Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық ...
Читать далее »АУДАНДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді. Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр. Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп ...
Читать далее »РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және БАҚ өкілдерінен құралған мониторингтік топ қаладағы «Самал», «Айна» базары мен «Мега планет», «ЦУМ», «Шымкент плаза» сауда орталықтарын аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізді. — Мемлекеттік комиссия отырысында 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім қабылданғаны бəрімізге белгілі. Осы орайда біз рұқсат ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСІН БАСТАУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде қаламызда енгізілген карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету және 17 тамыздан бастап іске қосылатын нысандар бойынша сөз қозғалды. – Мемлекеттік комиссия отырысында еліміздегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 17 тамыздан бастап шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ
Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚШАЛАР ІЛІНУДЕ
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қала аумағындағы 2180 көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берістеріне, лифтілеріне арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Бұл бағыттағы іс-шараларға қаланың еріктілері де өз үлестерін қосып атсалысып отыр. Осы мақсатта қаланың басты көшелерінде «Бетперде тағыңыз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Қашықтықты сақтаңыз», «Тазалық қол жуудан басталады» тақырыптарындағы баннерлер ілінді. Қаладағы қоғамдық көліктердің ішкі-сыртқы беттеріне де індеттен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлімдеді. – Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылы 12 тамызда №31 қаулысы шығып, №30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда ...
Читать далее »7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді. Оның ішінде жер қатынастары – 3986, карантин кезінде қалада жүріп тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналдық шаруашылық – 314, баспана мәселесі бойынша – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс ...
Читать далее »