2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленіп, «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылының ресми, салтанатты ашу рәсімін қаладағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өткізу жоспарланған болатын. Алайда, әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоспар тоқтатылды. Қазіргі таңда, қала әкімі М. Әйтеновтың ...
Читать далее »Архив меток: мәдени астана
«НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. «Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда ...
Читать далее »«SHYMKENT-FEST» ОНЛАЙН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ
«Shymkent-Fest» онлайн өнер фестивалінің бастау алғанын хабарлаймыз! Байқаудың мақсаты: Бірлік пен береке бастауы, ұлттық дәстүріміздің ұясы саналатын Шымкент қаласының бүгіні мен болашағын өнер арқауына айналдыру. Дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану. Байқаудың шарты: Фестиваль 6 (алты) бағыт бойынша өтеді: « 2200 жылдық шежірелі Шымкент» (Республикалық онлайн ақындар айтысы) «Ғажайып ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бекет батыр мен Ташенова көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкентте жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлінді. Жөнделуге тиісті 256 нысанға жалпы ұзындығы 418 шақырым жол, 7 көпір, 2 жолайырық, 1 оң жақ өткел мен 1 жерасты өткелі жатады. Нәтижесінде биыл 240 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. ...
Читать далее »КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын. Қазіргі таңда «АРТ құрылыс» ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған. Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ
Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. Бүгінгі таңда Шымкент дендрологиялық саябағы Асанбай Асқаровтың есімімен аталады. Жаңа атау қала әкімінің бұйрығымен бекітілген. Алғаш рет дендросаябаққа қоғам және мемлекет қайраткерінің есімін беру туралы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНЫП, АЛЛЕЯЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды. – Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Қонаев даңғылы, Иляев көшесі, Қонаев даңғылы, Түркістан көшесі қиылысындағы, Байтұрсынов ескерткіші орналасқан алаң және 8 шағынауданындағы аллеяда күрделі жөндеу ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТ — ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
«Мәдени астана» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифинг барысында айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада өткен баспасөз брифингте коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі. — Мемлекет басшысы бүгін Қасым-Жомарт ...
Читать далее »«ЦИТАДЕЛЬ» ҚАМАЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА АШЫЛАДЫ
2020 жылдың маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысанына айналады деп жоспарланып отырған Цитадель қамалының ашылуы жоспарлануда. Осы орайда Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленбек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев мәлімдеді. Азамат Мұратбекұлының айтуынша, «Мәдени астана» аясында келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші ...
Читать далее »