Архив меток: әлеуметтік көмек

СТУДЕНТТЕР ДЕ 42500 ТЕҢГЕ АЛА АЛАДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені сабақтан бос уақытта жұмыс істеп жүрген студенттер де алатынын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. – Студенттер әлеуметтік төлем ала ма деген де сұрақ келіп жатыр. Бұл ретте студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол — еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15- сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек. Айта кетсек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 18 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Бұл туралы Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Нәтижесінде, 14 172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Бірінші тоқсанда бас ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА АДАМ 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК АЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 6 МЫҢ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛАДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданында 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. —Өздеріңізге белгілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 26 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте 26 113 балаға әлеуметтік көмек көрсетілген. Төтенше жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларына азық-түлік және тұрмыстық жиынтық негізінде 5567 теңгеден қаржылай қолдау көрсетілуде. Шымкент қаласы бойынша осындай 11.298 отбасындағы 26.113 балаға жалпы сомасы 145 371 мың теңге қаржы аударылып, әлеуметтік көмек көрсетілді. Еске сала кетейік, 15-наурыз күнінен бастап елімізде төтенше жағдай енгізілді. Азаматтардың өмірі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты. Қала әкімінің орынбасары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ...

Читать далее »

Шымкент: 70 мың отбасы 32 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек алған

Шымкентте әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту-басты назарда. Өткен 3 жылда Шымкентте табысы төмен 70 мың отбасы 32 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек алды. Елбасы тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өзгерді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халық алдындағы есебінде мәлімдеді. Осының есебінен қалада көмек алушылар саны 5 есе өсіп, 59 284 отбасыға 28,9 млрд теңге төленді (2018 ж ...

Читать далее »

Маманнан кеңес алды

Шымкентте «Маманнан кеңес» акциясы өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Маманнан кеңес» акциясын өткізді. Акция Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында өтті. Онда түрлі салалардағы 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес берді. Акцияға келушілерді көбіне жер телімдеріне құжатты рәсімдеу, әлеуметтік көмекті алу, тұрғын үй, құқық қорғау қызметтері, ...

Читать далее »