Қаратау ауданы аумағында карантиндік жағдайға байланысты Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тисті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, аудан аумағындағы барлық 977 кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде базарлар, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық нысандар, ойын-сауық орталықтары, автожуу бекеттері, моншалар мен сұлулық салондары сынды кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Оған себеп, карантин режимінің екі аптаға созылуы мен талаптардың күшейтілгендігі. Қазір аудан ...
Читать далее »Архив меток: кәсіпкерлік
ШЫМКЕНТТЕ 30 ГА ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТЕГІН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған. Оқытудың қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде: ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЙТА АШЫЛҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Олар: Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б. Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып; Медициналық орталықтар қызметі, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. — Қала экономикасының маңызды саласының бірі – құрылыс. Биыл қалаға 250 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, оның ішінде 121 млрд теңгесі құрылысқа тиесілі. Негізгі басымдық — көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы. Қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метр, 13 384 пәтерлі 248 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 6 651 НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласында мамырдың 1-ші жұлдызынан бірқатар шағын және орта бизнес нысандары қалыпты жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, бірінші кезеңде жұмысын бастаған нысандар: химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілемдерді тазалау орталықтары, ателье, киім мен аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу орталықтары, автожуу орындары, шиномонтаж, май ауыстыру орталықтары, техникалық қызмет көрсету станциялары, токарлық, дәнекерлеу ...
Читать далее »ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ!
Шымкент қаласындағы жұмысын қайта іске қосқан кәсіпкерлік нысандар үшін МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАР: — Өткір респираторлық жұқпалы аурулар белгілері бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАРМАУ ҚАЖЕТ — Бөлмелерді жүйелі түрде желдете отырып, ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС — Қолды өңдеу үшін САНИТАЙЗЕРЛЕР ОРНАТЫЛУЫ ТИІС — Қызметкерлер мен келушілер МАСКАЛЫҚ РЕЖИМДІ САҚТАУЫ ТИІС — Мекеме ішінде және аумағында АДАМДАРДЫҢ БІР МЕЗЕТТЕ ЖИНАЛУЫН БОЛДЫРМАУ ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...
Читать далее »