Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов. 24 ...
Читать далее »Архив меток: пандемия
ШЫМКЕНТТЕ ВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕУДЕ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлы стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос тұр. Яғни, инфекциялық ауруханаларда жүктеме азайды. Ширатып айтсақ, қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Сол себепті Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелмеді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлық стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. Айта кетейік, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз ...
Читать далее »ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ — БЕТПЕРДЕ ТАҒУ
Елімізде 17 тамыздан бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Ал шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу карантиннен шығу кезіндегі маңызды қадамның бірі болып отыр. Осыған орай 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын нысандар белгілі болды. Дегенмен шектеу шаралары жеңілдетілді деп, санитарлық нормаларға бейқам қарауға мүлде болмайды. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларының ең қарапайым түрі бетперде ...
Читать далее »МОБИЛЬДІ ТОПТАР 23 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады. «Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық ...
Читать далее »АУДАНДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді. Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр. Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада 17 тамыздан бастап сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м), сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.), бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ
Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...
Читать далее »ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ
Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Емдеу мекемесіне “Sauap” белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты. Ауруханаға жеткізілген жабдықтар пандемия аяқталғаннан кейін де кәдеге жарайды. Мамандар бұл аппараттарды жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңінде ...
Читать далее »