Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті. Үнемделген қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді. ...
Читать далее »Архив меток: пандемия
МОБИЛЬДІ ТОП 15 МЫҢ НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Шымкент қаласында жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Емханалар жанынан құрылған 58 мобильді топ бүгінгі күнге дейін 15000 науқасқа үйге арналған медициналық көмек көрсеткен. Бұл туралы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету тобының жетекшісі, №5 емхананың бас дәрігері Жібек Сейдалина мәлім етті. Мобильді топ жетекшісінің айтуынша, шақыртулардың басым бөлігі салқын тию, дене қызуының көтерлуі, құрғақ жөтелге байланысты ...
Читать далее »ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкент қаласында пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы емделіп шықты. Мәселен, жыл басынан бері пневмония ауруына шалдыққан 12595 науқас тіркелген болса, қазірде оның 10263 науқасы емделіп шықты. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Варзилов Тимирхан ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар спикер бүгінгі таңда емдеу мекемелерінде дәрілік заттың жеткілікті екенін атап өтті. «Шымкент қаласындағы медициналық ...
Читать далее »ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 82 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
«BI GROUP» құрылыс компаниясы медицина мекемелеріне кезекті рет көмек көрсетуде. Аталмыш компания Шымкент қаласынадағы провизорлық станционарларға 82 дана оттегі концентраторын жеткізді. Бұл құрылғы COVID-19 инфекциясы мен пневмония ауруына шалдыққан ауыр халдегі науқастарды емдеуге арналған. Бүгін құрылғының 10 данасы «Асар» шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығына табысталды. Қазір бұл жұқпалы аурулар орталығында коронавирус инфекциясына шалдыққан 140 науқас ем алып жатыр. Дәрігерлер соңғы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ
Шымкентте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының еріктілерінен құралған топ пандемия деп жарияланған коронавирустың алдын алу үшін 1000 дана медициналық маска таратты. Жастар қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға карантин талаптары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, қоғамдық орындарда маска тағу қауіптің алдын алудың алғы шарты екенін түсіндірді. Аталмыш акция келесі күні де жалғасын тапты. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 17 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТТІ
2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег ...
Читать далее »КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАН БАЗАРҒА ӘКІМШІЛІГІК ШАРА КӨРІЛДІ
Бүгін Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топтың аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға карантиндік талаптарды қатаң сақтауы бойынша мониторинг жасап, кәсіпкерлік нысан иелеріне карантин талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дизенфекциялық өткелдің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында «Авто-Нұр» базарының әкімшілігіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін Абай аудандық көрсетілетін қызметтер мен тауарлар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ
Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимур Варзилов пен Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады. Тимур Варзиловтыің мәлімдеуінше, қазірде Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде. — Шымкент қаласында 2020 жылғы 20 шілде күнгі мәлімет бойынша ...
Читать далее »