Архив меток: ИВЛ

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ АУРУХАНАЛАРҒА ТОЛЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. – Жалпы, қаладағы медициналық ұйымдарда 612 өкпені жасанды желдету құрылғысы (ИВЛ) жұмыс істейді. Атап айтқанда, қалада жыл басында 310 аппарат болса, бүгінге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 156, демеушілік арқылы 20 аппарат жеткізілді. Ал 126-сы жергілікті бюджеттен сатып алынуда. Сонымен қатар, екінші ...

Читать далее »

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 82 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«BI GROUP» құрылыс компаниясы медицина мекемелеріне кезекті рет көмек көрсетуде. Аталмыш компания Шымкент қаласынадағы провизорлық станционарларға 82 дана оттегі концентраторын жеткізді. Бұл құрылғы COVID-19 инфекциясы мен пневмония ауруына шалдыққан ауыр халдегі науқастарды емдеуге арналған. Бүгін құрылғының 10 данасы «Асар» шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығына табысталды. Қазір бұл жұқпалы аурулар орталығында коронавирус инфекциясына шалдыққан 140 науқас ем алып жатыр. Дәрігерлер соңғы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы Мұнай өңдеу зауыты медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті. Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны — 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады. Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық ...

Читать далее »

«BI-GROUP» КОМПАНИЯСЫ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Шымкентегі қос бірдей ауруханаға «BI-Group» компаниясы өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты. Дүниежүзіне белгілі «Dräger» компаниясы өндірісіндегі өкпені жасанды желдету аппаратының сапасы жоғары. Ол әлемдік қолданысқа ие құрылғылардың бірі болып саналады. Елімізге танымал құрылыс компаниясы «BI-Group» бүгін осындай екі құрылғыны шымкенттік дәрігерлердің иелігіне тапсырды. Олар енді жанына дауа іздеген тұрғындарға өз көмегін тигізетін болады. Яғни, өкпені жасанды желдету аппаратының бірі ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТУЛАРЫ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем шақырту азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды. – Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ (ИВЛ) ШЫҒАРЫЛАДЫ

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында хабарлады. Қала басшысы «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады. Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады. Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді. «Біз бұл жобамен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 250 «БОБРОВ» ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ МЕН 10 МОНИТОР АЛЫНДЫ

Ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолға алынды. Қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараттары бар, оның 130 портативті аппарат. Сонымен қатар, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 10 монитор алынды,- деді баспасөз мәслихатын өткізген қала әкімі Мұрат Әйтенов. Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда. Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирсқа қарсы шараларға 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 854 млн.теңгесі материалдық-техникалық ...

Читать далее »