1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...
Читать далее »Архив меток: Цитадель
ТУРИЗМ МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Шымкентте туризм саласының мамандарына, гид – экскурсоводтарға және қаланың БАҚ-өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг — экскурсия ұйымдастырылды. Экскурцияға қатысқан т.ғ.д ҚР ҰҒА Академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог және тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылған болатын. Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағындағы Цитадельде болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты. Одан кейін экскурсоводтар Қарашаш ана, Ибрагим ...
Читать далее »Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында комитет төрағасы шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен қаланың қақ ортасындағы бұлақ суы – Қошқар ата өзеніне, оның жанындағы көптеген танымал, тарихи және мәдени серуендердің бастауы болатын Ордабасы алаңына, ежелгі Цитадель мен Тәуелсіздік саябағына ат басын ...
Читать далее »«ЦИТАДЕЛЬ» — ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА
Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты. Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен ...
Читать далее »ЦИТАДЕЛЬГЕ ТЕСТ-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының туризм басқармасының бастамасымен қамалды қалпына келтіру бойынша жобалық тобының қызметкерлерімен бірлесе «Ескі қалашыққа» гид-эксркурсоводтарға арналған тест-тур өткізілді. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды. Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққа айналып, «Тәуелсіздік саябағы», «Ордабасы» ...
Читать далее »БЕЛГІЛІ АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФ ШЫМКЕНТТІ ҚҰС САМҒАУ БИІГІНЕН ТҮСІРДІ
Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Елімізде саяхатты дамытудың алғышарты – туризм саласының үгітін күшейту. Әсіресе, ғаламторға саяхатты үгіттейтін видеоларды, фотосуреттерді көптеп салу қажет. Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді. Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, ...
Читать далее »«ЦИТАДЕЛЬ» ҚАМАЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА АШЫЛАДЫ
2020 жылдың маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысанына айналады деп жоспарланып отырған Цитадель қамалының ашылуы жоспарлануда. Осы орайда Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленбек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев мәлімдеді. Азамат Мұратбекұлының айтуынша, «Мәдени астана» аясында келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЦИТАДЕЛЬ ҚАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ТУРИСТІК НЫСАНЫ
ЦИТАДЕЛЬ ҚАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ТУРИСТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ БОЛАДЫ. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВ республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты. – Шымкент қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі екені ресми нақтыланып, қаланың 2200 жылдық тарихы бекітілді. ЮНЕСКО бұл датаны биыл өтетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізді. Мұндай шешім былтыр Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында қабылданды. Әрине «Ескі қалашықта» шаһардың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ГИДТЕР МЕН ЭКСКУРСОВОДТАРҒА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Шымкент қалалық туризм басқармасы гид-экскурсоводтары мен туризм саласында білім алатын жас студенттерге арналған оқыту сабақтарын өткізді. Шеберлік-сағатын белгілі тарихшылар мен кәсіби гид-экскурсоводтар жүргізді. Туристік шеберлік-сағаттың мақсаты – туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру. Студенттер арасында болашақта туризм бағытын таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ студенттерді гид-экскурсовод жұмысының дағдыларына үйрету. Сабақ барысында «Цитадель» жобасы», «Абай ...
Читать далее »