Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат — «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент2020
#BIZBIRGEMIZ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты. Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға «Magnum» сауда желісі арқылы кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар жердемақыдан бөлек мемлекет тарапынан азық-түліктер мен гигиеналық заттар жиынтығын тегін алуда. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, 301 мың тұрғыны бар Еңбекші ауданында 62 мыңнан астам отбасы 20 шағынаудан мен 16 тұрғын алабында тұрады. – Осылардың арасынан 2368 отбасы кепілдендірілген ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ
«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды. Ертеректе салынған үйлердің сыртын ...
Читать далее »ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ЖАЙЛЫ
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы бір жағдай анықталды. 15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша қалада індетке шалдыққандар саны 40 қа жетіп отыр. Соңғы ауру жұқтырған азаматша 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған. Өкінішке орай, диагностикалық зерттеу қорытындысынан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
Төтенше жағдай кезінде шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн. Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Бүгін «Шымкент сити» шағынауданындағы салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрген қала әкімі Мұрат ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр. Бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысына қатысады. Оған қоса санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмекке барады. Қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков бүгіннен бастап іске кіріскен 100-ге жуық ...
Читать далее »МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚОНАҚҮЙГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Айта кетейік, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 2020 жылғы 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеуде, шаһарда залалсыздандыру шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «СӘУЛЕ», «ЗАБАДАМ», «ХИМФАРМ» ШАҒЫНАУДАНДАРЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқаруда. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан екінші дережелі банк бөлімшелері мен банкоматтардың жанында тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Бұл тұрғындардың ...
Читать далее »