Архив меток: ерікті

ECOSANA СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫНЫҢ 4 КЕЗЕҢІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданының Сәуле шағын ауданының, Жаңабазар көшесі (Әскери бөлімше) аумағында өтті. Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілік акциясына, ...

Читать далее »

АУДАНДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді. Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр. Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп ...

Читать далее »

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бүгін халықаралық жастар күні. Атаулы датаның маңызы жылдан жылға артып келеді. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Өз білім-білігіне сенген жас қана өмірден өз орнын таппақ. Шымкент – жастар қаласы. Алып шаһарда жастар саялайтын, бір-бірімен тәжірибе алмасатын, өз біліктіліктерін дамытатын орындардың санын көбейту қажет. Ол – жастар саятындағы басым бағыттардың бірі. Таяуда қала әкімі волонтерлік және жастар ұйымдары басшыларымен кездесуде осыған назар ...

Читать далее »

ЕРІКТІЛЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс- шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды. Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК 3000-ҒА ЖУЫҚ ЕРІКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРҒА АТСАЛЫСУДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша брифинг өтті. Брифингте басқарма басшысы, ең алдымен, еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді. Атап айтсақ – «Біргеміз» жалпыұлттық жобасы, Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы, «Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛҒАН ОТБАСЫ КЕҢЕСІ АРҚЫЛЫ АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Ж.Қалтаев баяндады. Оның айтуынша, республикада алғаш болып ажырасудың алдын алу мақсатында Абай аудандық сотының базасында «Отбасы кеңесі» жұмыс тобы құрылып, нәтижесінде ажырасуға өтінім берген азаматтардың 47 пайызының отбасы сақталып қалған. «Кеңестің 46 отырысы ұйымдастырылып, ажырасуға ниет білдірген 412 отбасының мәселесі қаралды. Соның ...

Читать далее »

100 САРБАЗДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Нақтырақ айтсақ, бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КИІМ-КЕШЕК ПЕН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ЖІБЕРДІ

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 400 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Шымкенттік еріктілер коронавируспен күресте өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Бұл ретте еріктілер қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1 000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті 500 себет азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген. Бірқатар қайырымдылық қорлары ...

Читать далее »