Архив меток: мәдениет

ШЫМКЕНТ: «НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ 120 ШӘКІРТ ТӘЛІМ АЛУДА

Жақында Тұңғыш Президент күніне орай ашылған «Нұрсәт» өнер мектебі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында негізі қаланған. Жаңадан бой көтерген мектеп 150 орынға арналған. Бүгінде 120 шәкірт хореография, көркем-сурет, хор және вокал, аспаптық, сахналық және шешендік өнер түрлері бойынша тәлім алуда. Сондай-ақ жас өнерпаздар қолөнер түрлері мен спорт, мультимедиа, IT ақпарат технологиясы бойынша тәжірибесін шыңдайды. Балалар өнер мектебіне 5 жастан бастап қабылданады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді. Мәдениет үйі 1988 жылы салынған. «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде. Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Рашид Мамытұлы Мыңбаев Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Рашид Мыңбаев 1981 жылы 11 сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары, мамандығы-заңгер, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Рашид Мамытұлы еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау және жүйелеу басқармасындағы нормативтік-құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы ...

Читать далее »

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді

2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленіп, «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылының ресми, салтанатты ашу рәсімін қаладағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өткізу жоспарланған болатын. Алайда, әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоспар тоқтатылды. Қазіргі таңда, қала әкімі М. Әйтеновтың ...

Читать далее »

ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНА БІЛІКТІ МАМАНДАР ТАРТЫЛМАҚ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...

Читать далее »

ӨНЕРПАЗДАР АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 ...

Читать далее »

АМАНДАС, ЗАМАНДАС!

«Сәлем – сөздің анасы» дейді біздің қазақ. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Осылай баласына қарап, ата-анасына баға берген. «Атаңа сәлем бер», «Әжеңмен амандас», «Оң қолыңды беріп амандас» деп жастайынан үйреткен. Құран ...

Читать далее »

ОНЛАЙН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді, 20-26 сәуір аралығында үйде отырып Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы жоспарлаған онлайн іс-шараларды тікелей эфирде көруге шақырамыз.

Читать далее »

«ӘЛЕМ ОЙШЫЛЫ-ӘЛ ФАРАБИ» МҮШАЙРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» ғұлама ғалым, «Екінші Ұстаз» атанған Әбу Нәсір Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлем ойшылы – Әл Фараби» атты мүшәйра жариялады. Мүшәйра шарттарына толығырақ тоқталсақ: Мүшәйра мақсаты: Ғылымның барлық салаларында өлмес мұра қалдырған дана ойшыл Әл-Фарабидің өмір жолын, адамзатқа ортақ құнды қазыналарын, ғылыми еңбектерін өлеңге арқау етіп, көпшілік қауымға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 34 МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында биыл маңызды мәдени іс-шаралар көп. Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылу рәсімі 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткізіледі. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен Алматы, Астана қалалары мен ТМД елдерінен 300-ден астам ...

Читать далее »