Архив меток: партия

АСТАНАДА ДЕПУТАТТАР ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті. Іс-шара жұмысына еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясындағы өңірлік дамудың өзекті мәселелері және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Басты ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қоғамдық қабылдау бөлмелері партияның халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылуын мақсат ету жолында үлкен рөл атқарып келеді. Халық қалаулылары, басқарма басшылары мен сала мамандары күнделікті азаматтарды қабылдап, көкейіндегі түйіткілді мәселелерін шеше алмай жүрген талай азаматтарға көмегі мен кеңесін беруде. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық қалаулысы Бақытжан Сейітжан мегаполистің оннан астам тұрғынын қабылдады. Қалалық мәслихатының депутаты, ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қалалық мәслихат депутаты келген тұрғындардың айтарына құлақ түрді. Бүгінгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сұрақтар болды. Әсіресе, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту төңірегіндегі өтініштері. Жол мәселесін көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мәселелермен келген азаматтар да бар. Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да ...

Читать далее »

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРІЛДІ

Бүгін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында баспасөз брифbнгі өтті. Шымкент қаласының экс-мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Жадыра Танатарова партияның республикалық Саяси кеңесінің мүшесі ретінде фракцияның атқарған жұмысы жайлы есеп берді. 2021 жылы сайлаудан кейін «Аманат» партиясының фракция мүшелері Шымкент қаласының мәслихатындағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, аса басымдықпен депутаттық корпусты қалыптастырғаны белгілі. Жадыра Нағашыбайқызы: «Сайланғанына 2 жыл ...

Читать далее »

«ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабында өткен отырыс Шымкент қаласында заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ұйымдастырылды. Тұрғындармен әңгімелесу кезінде комиссия мүшелері өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 600 га жер мемлекет ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол ...

Читать далее »

ЕЛБАСЫ ӘРДАЙЫМ ЕЛМЕН БІРГЕ

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған өз мақаласында партия мүшелері сауапты істердің алдыңғы қатарынан табылуы тиіс деп атап өтті. Елбасымыз өз мақаласында мемлекет осындай қиын сәтте қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын айтты. «Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған. Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламаларды ...

Читать далее »