Архив меток: Ұлы Жеңіске 75 жыл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еріктілер жылы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Игі істер уақыты» бастамасын қолға алған болатын. Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Али Аскеровты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Али Аскеров 1942-1948 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет еткен. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің бас батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Ардақты ардагерінің қазіргі таңда 4 баласы, ...

Читать далее »

ӨНЕРПАЗДАР АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТЫ — ЕРЛЕР!

Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған. Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған. Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін ...

Читать далее »

ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Естемесов Қаражан- ҰОС ардагері ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты. Соғыс аяқталып, елге оралған соң мақта алабына жұмысқа шықты. Өзі де таң атқаннан қас қарайғанға дейін тынбай еңбек ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен ...

Читать далее »

«АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. ҰОС-ына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Читать далее »

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ!

Сұлтанбеков Нұргелді, ҰОС ардагері СҰЛТАНБЕКОВ Тұргелді 1923 жылдың 11 мамыр күні Ордабасы ауданы «Ленин туы» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, танкілі-атқыштар полкінде қызмет етті. 1944 жылы Литвадағы шекара қызметіне жіберілді. Шекарашылардың әскери жасағында 1948 жылға дейін болып, Литва қалалары маңындағы бандиттік құрылымдарға қарсы соғысты. Елге оралғаннан кейін Шымкент педагогика институтында оқып, тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Алғабас ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА

Төлебеков Қаратай, ҰОС ардагері ТӨЛЕБЕКОВ Қаратай 1924 жылдың 15 наурызында Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген. Соғыс және еңбек ардагері. Дербес зейнеткер. 1942-1945 жылдары Калинин, Екінші Балтық майдандарында шайқасқан. Қатардағы жауынгерден взвод командирі, батальон комсоргы, әскери химик болды. 1950 жылы әскерден босап, елге оралған соң партия-совет қызметтерін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай, қырық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі. 9 мамырға ақшалай төлем ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. Атап айтқанда, 3851 тыл ардагерге 33 336 теңге, 1490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге, 31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып, мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ...

Читать далее »