Архив меток: Ұлы Отан соғысы

ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Естемесов Қаражан- ҰОС ардагері ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты. Соғыс аяқталып, елге оралған соң мақта алабына жұмысқа шықты. Өзі де таң атқаннан қас қарайғанға дейін тынбай еңбек ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен ...

Читать далее »

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. ...

Читать далее »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Әлімбек Тегісбайұлы, ҰОС ардагері ТЕГІСБАЙҰЛЫ Әлімбек Амангелді ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда туған. 1943 жылы 15 сәуірде ол Арыс қаласының әскери комисариаты арқылы соғысқа аттанды. Арыс қаласынан Чита қаласына жіберіліп, 1944 жылдың 25 қаңтарында атты әскерлер полкына алынды. 1944 жылы наурыз айында алғаш рет соғысқа қатысты. Екінші Белоруссия майданында 4-ші дивизияның 16-шы полкында қатардағы жауынгер болды. Соғысты Германияның Эденбург қаласында ...

Читать далее »

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 102 ЖЫЛ

Бүгін Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 102 жыл толды. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ...

Читать далее »