Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, ...

Читать далее »

БАНК БӨЛІМШЕ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТЕТІН АРНАЙЫ ЖОЛАҚТАР СЫЗЫЛДЫ

Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр. — Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН 75 АЗАМАТ ОҚШАУЛАНДЫ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 азамат тіркелді. Бұл науқастардың барлығы 5 сәуір күні індет анықталған 24 жастағы азаматпен тығыз байланыста болған отбасы мүшелері. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім етті. Басқарма өкілінің айтуынша, індетті жұқтырған отбасы мүшелері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауда болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық заттар жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге және 20 мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЕКІ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ

6-сәуір күні Қазақстанда қашықтықтан оқыту басталды. Шымкентте жалпы 172 мектепте 222 037 оқушымен ІV-тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады. Қашықтықтан оқыту екі бағытта жүргізіледі, оқушы екеуінің біреуін таңдай алады. Бірінші бағыт, қол жетімді платформаларда қашықтықтан оқу. Электрондық журнал «Kundelik» және «WhatsApp» мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. Интернет жылдамдығы төмен болған жағдайда, екінші бағытқа көше алады. Екінші бағыт, «Балапан» және «Еларна» телеарналар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕРЗЕНТХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда. Бүгін залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасатын болады.

Читать далее »

БАС САНИТАР: «КАРАНТИННІҢ АЯҚТАЛУЫ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ТӘРТІБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин тәртіптері туралы тағы да айтты. «Карантин – коронавирус инфекциясын алдын алудың бірден-бір амалы. Үйде болыңыздар. Ешқайда шықпаңыздар. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек болмаса аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпаған абзал. Үйіңізде де профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыздар. Дымқыл шүберекпен үйді тазартып, бөлмені желдетіп, үй жағдайына арналған ультракүлгінді сәулелендіргішті пайдаланыңыз. Ультракүлгінді сәулелер вирусты өлтіруде өте тиімді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАШЫҚТЫҚТАН МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді. Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан ...

Читать далее »