Авторские архивы: admin

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТУҒАН ҮШЕМ АМАН ҚАЛДЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелер дүниеге келе сала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, бір айға жуық арнайы күтім жасайтын бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында болыпты. Биылғы жылдың үшінші үшемі 16-наурыз күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген еді. Осы күні сәбилердің анасы 34 ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН НАУҚАС ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРҒАН

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді. Науқас 3-сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТӨЛЕМАҚЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

6-сәуірден бастап Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. ​Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады.​ Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, банктік картасы жоқ азаматтар​ банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге​ жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ қала әкімдігі кәсіпкерлер мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 10 АУМАҚ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Шымкентте 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Шымкент қаласында 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды. Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй. Карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. Науқас 03 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем ...

Читать далее »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 20 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 азамат әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. «Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді ...

Читать далее »

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ РҰҚСАТЫ ЖОҚ 6 МЫҢНАН АСТАМ АВТОКӨЛІК КЕРІ ҚАЙТАРЫЛҒАН

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған. Блок-бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзит 1548 (2754 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 6090 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК БЕКЕТТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛУДЕ

Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде. Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда. Қала аумағында карантинге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер: – Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз,-дейді. ...

Читать далее »

ОНЛАЙН ДӘРІСТЕРДІ ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАЛАР ДА КӨРСЕТЕДІ

222 мың оқушы 6 сәуірде басталатын IV тоқсанда республикалық және жергілікті арналар мен интернет платформаларының көмегімен білім алады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 26 МЫҢ 308 КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫП ЖАТЫР

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны – 30 (11 мемлекеттік, 19 ж/м). Ағымдағы жылы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту форматында білім берілуде. «College SmartNation» қашықтықтан оқыу ...

Читать далее »