Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТТЕ «ТУРИСТІК КЛУБ» АШЫЛМАҚ

Шым қаламызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Орталықта Шымкент қаласы туризм басқармасы өкілдері «Шымкент — 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» атануына орай атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Туристік клубтың басты мақсаты – туризм мамандарын дайындау, оларды оқыту. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени ...

Читать далее »

КӨНЕ ҚҰМЫРАНЫҢ СЫРЫ-2. ТҰСАУКЕСЕР

Бүгін Шымкенттегі Көрме орталығында «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Еліміздің рухани жаңғыру бағытында Шымкент қалалық әкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне Құмыраның сыры» атты анниациялық фильмі ұлттық құндылықтарымызды паш етіп, келер ұрпақтың санасына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіруге бағытталады. Биылғы жылы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай аталған фильм барысында Ұлы тұлғаларымыз ...

Читать далее »

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ-ШАМШИЯ ЖҰБАТОВА

Шымкенттегі «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі Шамшия Жұбатованың поэзиялық кеші өтті. Кеш қонақтары мінбер төрінен орын алған Шәмшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды. «Парасат» орденнің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сапар Өтемісов Абай Құнанбаевтың монологын орындады. Сонымен қатар, поэзиялық кеште Абай ...

Читать далее »

БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ ДӘСТҮРІ

Қазақ халқы баланың дүниеге келгенінен бастап, қартайған шағына дейін салт-дәстүр бойынша тойлап келген. Шілдехана, бесік той, Тұсау кесер, сүндет той, Ай, шіркін ай. Құда түсіп, сырға салу, Беташарым-ай! — деген ән осыған айтылса керек. Осындай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүрлердің бірі — баланы қырқынан шығару. Жалпы қазақ халқының әр дәстүрінің артында терең мағына мен қандай да бр сыр жатыр. ...

Читать далее »

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ БЕРІЛІП ЖАТЫР

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалды, 2 378 өтініші кері қайтарылды. Қаңтар айына 9068 отбасыға (шартты – 6 363 отбасы, шартсыз – 2705 отбасы) 455 млн.теңге төленді. Ақпан айына 15 727 отбасыға (шартты – 12 127 отбасы, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті. Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды. Бұған қоса Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыланды. Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫНДА «ВОЛОНТЕРЛАР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратанда «2020 Волонтерлар жылы» аясында ауданның белсенді, ерікті жастарына арнап «Волонтерлар кабинеті» ашылды. Осыған орай, алдағы уақытта Еріктілердің қатысуымен және атсалысуымен бірлесе бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атап айтсақ: 1.Әлеуметтік бағыттағы шаралар, 2.Мәдени бағыттағы іс-шаралар, 3. Қаламыздағы тазалық акциясы бағытындағы жүргізілетін шараларды арнайы ашылған кабинетте белсенді еріктілердің қатысуымен аталған мәселелер талқыланып, аудан әкімі аппаратымен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТМД- МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» МӘРТЕБЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТІЛМЕК

Шымкент қаласында 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты наурыз айының жиырмасыншы жұлдызына белгіленген. Ауқымды шара еліміздегі қазақилықтың қарашаңырағы болған үшінші мегаполистегі «Қажымұқан» орталық стадионында, сағат 18:00-де басталмақ! Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен «Мәдени астана» мәртебесі жиынына ТМД елдерінен сыйлы қонақтар келіп қатысады. Аталмыш шара ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады!

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОС КӨПІР ІСКЕ ҚОСЫЛСА, КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені бойында салынып жатқан қос көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Алматы мен Ташкент бағытындағы А-2 тасжолының бойындағы ескі көпір қазір бұзылып, орнына жаңасы салынуда. Бұл көпір негізінен Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін байланыстыратын маңызды нысан саналады. Жоспар бойынша Ташкентке қарай бағыт алған ауыр жүк көліктері қаланың сыртымен, яғни А-2 автомобиль жолының ...

Читать далее »

«КӨРПЕ FEST» МЕГАФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Көрпе Fest» мегафестивалі өз мәресіне жетті. Іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов нәзікжандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. – Дана халқымыздың «Көктем — тіршіліктің бастамасы болса, әйел – адамзаттың бастамасы» деген сөзі бар. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, ел экономикасының дамуына елеулі еңбек етулеріңізге тілектеспін. Осы шараға қолданбалы өнерге қызығушылар мен көпбалалы аналар ...

Читать далее »