Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ: САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған. Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламаларды ...

Читать далее »

Түркістанда аламан дода өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та арнайы барып, қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛЫП КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келі болатын кітап жарық көрді. Қалалық білім басқармасына қарасты №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұлы ақынның туған жерінде өтетін мерекеге ерекше сый жасап отыр. Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х ...

Читать далее »

БІЗ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАҒА ҚАРСЫМЫЗ

ШЫМКЕНТТЕ «БІЗ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАҒА ҚАРСЫМЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ. Шымкенттік жас еріктілер заңсыз жарнамаларға өз қарсылықтарын білдіріп, қала көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жас Отан жастар қанаты еріктілері Елшібек батыр және Орынбай ақын көшесіндегі шарбақтар, бағаналармен аялдамаларға жабыстырылған заңсыз жарнамаларды жою жұмыстарын жүргізілді. Акцияға 50 ерікті қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты. Басқосуда қала әкімі бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын назарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады. Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. – Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. Кәріз ...

Читать далее »

АБАЙ – ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БІЛГІРІ

Шымкент қалалық сотта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай — қазақ құқығының білгірі» атты іс-шара өтті. Ерекше форматтағы жиынға қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, зиялы қауым өкілдері, сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада студенттер, ЖОО-ның оқытушылары ұлы ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, ойшылдың көркемсөз шеберлігін паш етті. Сондай-ақ кемеңгердің ағартушы, классик ғана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрді. Шымкенттегі Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл бұл жұмысты жалғастыру үшін қазынадан 269,580 млн.теңге қарастырылды. Көшенің ұзындығы 58 шақырымды құрамақ. Ал, ені 6 жолақты 23 м болады деп жоспарлануда. «ОтауСтрой» ЖШС-і қолға алған бұл жоба жыл соңы желтоқсан айында аяқталмақ. Мәдени қаладағы Қонаев гүлзары Түркістан ...

Читать далее »

АРНАЙЫ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы және «ТМД елдерінің мəдени астанасы» атануына орай қалада республикалық жəне халықаралық деңгейде өтетін көптеген іс-шаралар жоспарланды.Осыған байланысты өтетін іс-шаралардың дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында «Көрме» орталығында штаб құрылды. Штабтың жетекшісі болып қала əкімінің орынбасары М. П. Исахов бекітілді. Ал штаб жетекшісінің орынбасары қызметін қалалық «мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер» басқармасының басшысы Р. М. Мыңбаев атқарады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ГИДТЕР МЕН ЭКСКУРСОВОДТАРҒА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қалалық туризм басқармасы гид-экскурсоводтары мен туризм саласында білім алатын жас студенттерге арналған оқыту сабақтарын өткізді. Шеберлік-сағатын белгілі тарихшылар мен кәсіби гид-экскурсоводтар жүргізді. Туристік шеберлік-сағаттың мақсаты – туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру. Студенттер арасында болашақта туризм бағытын таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ студенттерді гид-экскурсовод жұмысының дағдыларына үйрету. Сабақ барысында «Цитадель» жобасы», «Абай ...

Читать далее »