Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Орталық мешіті жанындағы «Жастар секторы» өкілдігінің ұйымдастыруымен «Артық ғылым кітапта» атты кітап оқу клубы ашылды. Аталмыш бастаманы жуырда ғана Шымкент қалалық «Жастар секторының» жетекшісі болып тағайындалған Анарғали Керімбеков қолға алып отыр. Негізгі мақсат – жастардың айына кемінде бір кітап оқуға деген ықыласын ояту, оларды жаман әдет-қылықтардан сақтандыру. Тың бастамаға Шымкент қаласының бас ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТ: «БІЗ – ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРІМІЗ!» ТАҒЗЫМ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Үшінші мегаполистегі Даңқ аллеясында Шымкент гарнизоны даңқты панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік туының көшірмесін салтанатты түрде Алматы қаласынан қабыл алды. Бұл тағзым эстафетасы 5 ақпан – 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Ол 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілмек. Тағзым эстафетасы Ұлы Отан соғысында ...
Читать далее »Еріктілермен еркін кездесу
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «2020 Волонтерлар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта, бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратында «2020 Волонтерлар жылы» аясында ауданның белсенді ерікті жастардың қатысуымен форум өтті. Еркін форматта пікір алмасу ретіндегі кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов арнайы қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталған Ғабит Патшаханұлы еріктілердің қатысуымен және ...
Читать далее »Қымыздың жыл маусымына қарай түрлері
Қымыз – исі қазақ қатты қадірлеп, мейірі қана ішетін ұлттық сусынның бірі. Бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық сусын бұл күнде әлі де құндылығын жоғалтқан емес. Ал осы сусын сақтайтын мерзіміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтар болсақ жыл маусымына қарай қымыз түрлері: * Уыз қымыз- бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылатын қою қымыз; *Сары қымыз- жаз ортасындағы, шөп ...
Читать далее »Түлкібаста ашық есік күні өтті
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбаев «Халыққа жақын бол» акциясы аясында Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық есік барысында тұрғындар өзін мазалаған түйткілді сұрақтары бойынша толық жауап алып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласының жаңалықтарымен танысты. Корпорация қызметкерлері іс-шараға келген тұрғындарға Egov mobile, EgovKzBot қосымшаларын ұялы телефондарына жүктеп беріп, ...
Читать далее »Әл-Фараби айтқан саналы адам білуі тиіс 10 ереже
Ұлы данышпанның ойынша қайырымды қаланың тұрғындары қандай дүниелерді есте сақтағаны жөн? Осы орайда әлем ұстазы бөліп берген 10 қағидатты өздеріңізге ұсынамыз. Қайырымды қаланың барлық тұрғындары білуге ләзім ортақ нәрселер: 1. Олар Бірінші себепті және оның барлық атрибуттарын білуге тиіс; 2. Онан соң материядан бөлек өмір сүруші нәрселерді және бұлардың әрқайсысының атрибуттарын, cонымен қатар әрекетшіл парасатқа дейін бұлардың тұрған сатыcын және ...
Читать далее »Асату дәстүрі
Асату — дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін этикалық рәсім. Ет жеп болған соң, қонақтың жасы үлкені сый табақтан уысын толтыра ет алып, басқаларға өз қолымен асатады. Кішілер қалыптасқан әдет бойынша асату рәсімінен бас тартпайды, етті асар кезінде ер адамдар «құлдық» деп айтады. Бұл өзінен үлкенге құрмет көрсеткені, ...
Читать далее »16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ұлдар, қыздар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Сондай-ақ қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасында серпе көтеру жаттығуында әлемдік рекорд орнатты. Азия біріншілігіне елімізден 10 спортшы қатысқан ...
Читать далее »«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА 742 ІС-ШАРА ӨТКЕН
Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева бағдарламаны іске асырудағы 2019 жылы ұйымдастырылған іс-шаралар, негізгі жобалар және 2020 жылға арналған кешенді ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «КӨКТЕМ-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасы дағдарыс орталығы басшысының орынбасары Ерғали Бахаевтың басшылығымен жиналыс өтті. Кездесуге қалалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары және жедел әрекет ету топтарының командирлері қатысты. Олар «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуына дайындық жайын талқылады. Ерғали Жарасбекұлы жаттығу жоспарымен таныстырып, көктемгі төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданылатын күштер мен құралдарды нақтылап берді. Алдағы жаттығуларға барлығы 200-ге жуық ...
Читать далее »