Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
КАРАНТИН ТАҒЫ 2 АПТАҒА СОЗЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді. «Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы — өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», — деп жазды Президент Twitter парақшасында. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаева карантиннің ұзартылуына байланысты шілде айында қазақстандықтарға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚАТЕРЛІ ІНДЕТТІҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Қазақстандықтар бүгін пандемия салдарынан көз жұмғандарды еске алып, аза тұтты. Бұған дейін Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы 13 шілде күнді Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. «Әр қазақ — менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін ...
Читать далее »ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ
Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті аяқталды. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды,- дейді мамандар. Баланың басында үлкен көлемде ісік барын ақ желеңділер бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң ...
Читать далее »13 ШІЛДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТУЛАРЫ АЗАЙДЫ
Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем шақырту азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды. – Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны ...
Читать далее »М.ƏЙТЕНОВ: «ҚАЛАДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА ТҮСЕ БАСТАДЫ»
Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді. Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛЕДІ
Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. – Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі ...
Читать далее »ТОЙХАНАЛАР ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН
Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, ...
Читать далее »