Шымкенттегі ОҚМУ-дың Филология факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының ФИ 18 3К3 тобы студенттері «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Карбозова Г.К. ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. Онлайн жүздесуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша жарық көрген Торе Янсонның «Тіл тарихы» оқулығы» талқыланды. «Онлайн-вебинарда студенттердің ой тұжырымдары ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҚ БЕЙНЕСІ ЖОБАЛАНБАҚ
Қазақстандық белгілі сарапшылар таяуда форсайттық зерттеуді іске қоспақ. Нәтижесінде 2035 жылға дейінгі еліміздің болашақ бейнесін жобалау, жекелеген тақырыптар бойынша қоғамның даму көріністері мен сценарийін жасау жоспарланып отыр. Мұндай ірі зерттеу жұмыстарына жетекші сарапшылар қатысады. Форсайт КЕАҚ «Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» (ҚҚДИ) бастамасымен 2020 жылдың соңына дейін келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Қазақстандық бейнені қалыптастыру», «Қазақстан халықаралық аренада» және «Инклюзивті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкентте жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлінді. Жөнделуге тиісті 256 нысанға жалпы ұзындығы 418 шақырым жол, 7 көпір, 2 жолайырық, 1 оң жақ өткел мен 1 жерасты өткелі жатады. Нәтижесінде биыл 240 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН
Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы үшінші мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және ...
Читать далее »АҚИҚАТ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖАРШЫСЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Ақиқат пен адамгершілік жаршысы» атты конференция-вебинар өтті. Онлайн жүздесуде Ұлы ойшыл ақын Абайдың 175 жылдық мерейлі мерекесінде ол туралы ой түйіп, пікір алмасуға ОҚМУ-дың абайтанушы ғалымдарымен бас қосты. Абайтанушылар мектебінің дәстүрлі ошағы ақынның туған Отаны – Семейде қалыптасса – ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда осындай үлкен орда еліміздің оңтүстігі – ...
Читать далее »ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙ ЖОҚ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...
Читать далее »«ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, ұғымы да көмескіленіп бара жатқаны өтірік емес. Қырдағы қариялардың аузынан оқтын-оқтын естіп қалып жататынымыз болмаса, қаладағы жұрттың көбі оны әлдеқашан ұмытқан. Уикипедия дерегіне сүйенсек, бұл кез — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, он шақты күнге созылатын ауа райы құбылмалы күндер. Расында, мамырдың орта тұсында ...
Читать далее »ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНА БІЛІКТІ МАМАНДАР ТАРТЫЛМАҚ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен танысты. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы ...
Читать далее »ҚАЗАҚ КЕЛІНІ ҚАЙЫН ЖҰРТЫНЫҢ ЕСІМІН НЕГЕ АТАМАҒАН?
Қазақта жаңа түскен келін ешқашан қайын жұртының есімін атамаған. Ауыл үлкендерінен бөлек, еңбектеп жүрген балаларға дейін ат қоятын. Мұны қазақта «ат тергеу» деп атайды. «Ат тергеу» жаңа түскен келіннің байқампаздығын анық көрсетіп береді. Келін күйеуінің әпке-қарындастары мен аға-інілерін бойындағы ерекшелікті байқап, соған байланысты ат тергейтін. Мысалы, жайбасар інісін әзілдеп «жүйрігім», көп сөйлейтін балдызын «жуасым» деп атаған. Ал қарындастарын «кекілдім», «шырайлым» ...
Читать далее »