ҚОҒАМ

Түркістанда аламан дода өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та арнайы барып, қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады. Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. – Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. Кәріз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрді. Шымкенттегі Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл бұл жұмысты жалғастыру үшін қазынадан 269,580 млн.теңге қарастырылды. Көшенің ұзындығы 58 шақырымды құрамақ. Ал, ені 6 жолақты 23 м болады деп жоспарлануда. «ОтауСтрой» ЖШС-і қолға алған бұл жоба жыл соңы желтоқсан айында аяқталмақ. Мәдени қаладағы Қонаев гүлзары Түркістан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ӨТЕТІН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРАБАСТАУ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ӨТЕТІН КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту барысында Қарабастау елдімекеніндегі Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы қарқын алған. Аталған көпір құрылысын “АРТ-Құрылыс” мердігері жүргізуде. Көпір құрылысы 2020 жылдың маусым айында толық аяқталатын болады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МАНГЕЛДИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Қала әкімі сапар аясында Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелері қиылысындағы орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне барды. Айта кетсек, жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын мердігер «ҚазНұр-констракшн» ЖШС-і жүргізген. Жобалаушы – «Береке» ЖШС-і, техникалық қадағалаушы «Мир-Строй и Компания» ЖШС-і. Бүгінде өткелдің барлық бөліктеріне тіреулер орнатылып біткен. Тұрғындардың шығып-түсуіне қолайлы етіп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 2019 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің 2019 жылы атқарған жұмыс нәтижелері бойынша баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, қалалық экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев департаменттің негізгі қызметі мен экологиялық бақылау саласында атқарылған жұмыстарды кеңінен түсіндірді. Есепті жылы, жалпы 68 тексеру жүргізілді, оның ішінде 48 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жол айрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге жұмысты таяу арада бітіруде қатаң тапсырды. Одан соң шаһар басшысы Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына барды. Өткелдің сапасына көңіл ...

Читать далее »

«Ауыл шаруашылығы-AgroWorld Uzbekistan 2020»

ШЫМКЕНТ: ЖЕРГІЛІКТІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! 2020 жылдың 11-13 наурызында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Ауыл шаруашылығы-AgroWorld Uzbekistan 2020» халықаралық көрмесі өтеді. Сондай-ақ 1-3 сәуірде Ташкент қаласында «Uz-Food 2020 өндірісінің азық-түлік өнімдері, ингредиенттері және технологиялары» 20-шы мерейтойлық халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Көрмелер астықты қайта өңдеу және сақтау, мал шаруашылығы, құрама жем, құс шаруашылығы, ветеринария, жылыжайлар, тұқым, тыңайтқыш суару бағыттары бойынша өткізіледі. Іс-шараға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 27 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 43 ЖОБА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

«Туған жер» арнайы патриоттық бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен жалпы құны 27 млн. теңгені құрайтын 43 жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған. Атап айтқанда, 6 аз қамтылған отбасыға өз кәсіптерін ашу үшін демеушілер көмегімен 1 млн. 700 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар әперіліп, нәтижесінде 4 тігін цехы, 1 автокөлік жуу орны, 1 балаларға арнаулы қызмет көрсету орындары ашылды. «Туған жер» ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру. Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды. — Қоғамда суды үнемдеу ...

Читать далее »