Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бұл үшін қаланың кіретін жолдарындағы блок-бекеттерге 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 санитарлық автокөлік, 13 фельдшер, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер сымсыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық бекеттер талапқа сай ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙДІ
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты,сақтық шаралары қатаң қолға алынды. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін аумақтар мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысқа санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қосылған, ол арнайы құралдарды пайдалана отырып, өрт техникасын, үй-жайлар мен жабдықтарды мұқият дезинфекциялауын жүргізді. Ылғалды тазалауды тұрақты жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, департаменттің техникалық қызметкерлері қанатқақты, баспалдақ аралықтарын, есіктерді ...
Читать далее »ҚР ПРЕЗИДЕНТ! ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ
ПРЕЗИДЕНТ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ОСЫНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП ОТЫРМЫЗ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айтты. «Әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, бұл індет біздің елімізде де тіркелді. ...
Читать далее »ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҮНДЕУ ЖАСАЙДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз күнгі сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізді. Президент төтенше жағдай кезеңінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік ...
Читать далее »ҚОНАҚ КЕЛСЕ-ҚҰТ КЕЛЕДІ
Шымкенттегі Салт-дәстүр орталығы мен «Рухани жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері Наурыздың алғашқы күні «Көрісу күнін» атап өтті. Сәлем-сауқатын сұрасқан топ Әз-Наурыз айының алғашқы мерекесі — көрісу күнін атап өту үшін жиналды. Алдымен меймандар үйге еніп, жағдай сұрасты. Әдебін сақтап, бір-бірімен құшақ жая қауышты. Көрісу мерекесі — қазақтың үлкен мән-маңызға ие дәстүрі. Көпшілік мұны қауышу күні деп те атайды. Бұл күні жамағат таңертең ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА «GRAMAD» САУДА ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы «Gramad» сауда үйіне ат басын бұрып, осындағы әлеуеметтік маңызды тауарлардың бағасымен танысты. Өйткені бүгінде қала әкімдігімен келісімге келіп, халыққа төмен бағада азық-түлік ұсынып жатқан қаламыздағы жалғыз сауда нүктесі осы «GraМad». Келісім бойынша бұл бағалар бір жыл бойына сақталады. Әрине маусымдық сұраныстарға қарай баға кішкене құбылуы мүмкін. Мәселен, жазда, күзде көкөніс, бау-бақша өнімдері және басқа ...
Читать далее »«ӘКЕ ТАҒДЫРЫ» ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының сахнасында Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» драмасының премьерасы өтті. Драма Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды. Қойылым соғыстан қайтпаған баласын келер деп үміт үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның айналасында өрбиді. Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылым театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды.
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ
2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша үшінші мегаполисте коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимур Варзилов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. – Коронавирустық инфекция тіркелген елдерден ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТ — ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
«Мәдени астана» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифинг барысында айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада өткен баспасөз брифингте коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі. — Мемлекет басшысы бүгін Қасым-Жомарт ...
Читать далее »МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТТІҢ ЖЫЛУ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін қазандықтардың жай-күйін бағамдады. Алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал болатын «Қуат жылу орталық -3» қазандығының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қазандық көп пәтерлі 77 үйді, 9 бюджеттік мекемені, 35 шағын және орта бизнес нысандарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ...
Читать далее »