Мегаполис жаңалықтары

«РАХАТ-ШЫМКЕНТ» ФАБРИКАСЫНДА МАРМЕЛАД ШЫҒАРУ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Рахат-Шымкент» фабрикасында мармелад желісі ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары М.Исахов, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қаныбеков, басқарманың инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің басшысы А.Жанбатыров және фабриканың өкілдері қатысты. ⠀ Айта кетсек, аталған жоба аясында қалаға 1,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 млн теңге субсидия төленді. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

АЗЫҚ –ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Сонымен қатар, қала басшысы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды. Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен теміржол ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТУРИСТІК КЛУБ» АШЫЛМАҚ

Шым қаламызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Орталықта Шымкент қаласы туризм басқармасы өкілдері «Шымкент — 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» атануына орай атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Туристік клубтың басты мақсаты – туризм мамандарын дайындау, оларды оқыту. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени ...

Читать далее »

КӨНЕ ҚҰМЫРАНЫҢ СЫРЫ-2. ТҰСАУКЕСЕР

Бүгін Шымкенттегі Көрме орталығында «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Еліміздің рухани жаңғыру бағытында Шымкент қалалық әкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне Құмыраның сыры» атты анниациялық фильмі ұлттық құндылықтарымызды паш етіп, келер ұрпақтың санасына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіруге бағытталады. Биылғы жылы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай аталған фильм барысында Ұлы тұлғаларымыз ...

Читать далее »

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ-ШАМШИЯ ЖҰБАТОВА

Шымкенттегі «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі Шамшия Жұбатованың поэзиялық кеші өтті. Кеш қонақтары мінбер төрінен орын алған Шәмшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды. «Парасат» орденнің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сапар Өтемісов Абай Құнанбаевтың монологын орындады. Сонымен қатар, поэзиялық кеште Абай ...

Читать далее »

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ БЕРІЛІП ЖАТЫР

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалды, 2 378 өтініші кері қайтарылды. Қаңтар айына 9068 отбасыға (шартты – 6 363 отбасы, шартсыз – 2705 отбасы) 455 млн.теңге төленді. Ақпан айына 15 727 отбасыға (шартты – 12 127 отбасы, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті. Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды. Бұған қоса Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыланды. Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Ардагерге жылы лебізін білдірген қала әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы ерекше зор екенін атап өтті. Анна Федоровна майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «КӨРПЕ FEST» МЕГАФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы өтті. Мегафестивальдың ашылуында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков сөз сөйлеп, тренингке қатысушы қыз-келіншектерге сәттілік тіледі. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, әрі оның қазіргі жетекшісі Ырза Тұрсынзада жүрекжарды тілегімен бөлісіп, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке алғысын жеткізді. «Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көп балалы аналар және тігін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БАСТЫ ТАЛАП — ЖОҒАРЫ САПА»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен әкім жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен Нұрсәт шағынауданында 21,5 га аумақта салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап көрді. Мұнда 8 үй салынуда. Мердігер мекеме – «Арт Құрылыс» ЖШС. Компания басшысы Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған нысан биыл маусым айында пайдалануға беріледі. ...

Читать далее »