Мегаполис жаңалықтары

«LUX SHOES» БК» ЖШС АЯҚ КИІМ ТАБАНДАРЫ ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСТЫ

Шымкенттегі отандық аяқ киім фабрикасы жаңа желіні іске қосты. «Lux Shoes» БК» ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Фабрика 250 жұп ЭВА, 350 жұп Термо және 150 жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы. Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған еді. Жобаның инвестиция көлемі — 400 ...

Читать далее »

«ШЫМҚАЛА ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған «ШЫМҚАЛА ЛИГАСЫНЫҢ» 2020 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов, ауыр атлетикадан 4-дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, футболдан 2019 жылғы үздік бапкер атанған Фархадбек Ирисметов қатысты. «Шымқала лигасында» биыл «Tamir» балалар лигасы ашылған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГТАР НАУҚАСТАРҒА ВИДЕОТОРАКОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУДА

Қалалық онкологиялық орталықта сол өкпесінің төменгі бөлігінің ісігі диагнозы қойылған 49 жастағы науқасқа видеоторакоскопиялық әдіспен ота жасалды. Операция барысында мамандар ісікті аппараттың көмегімен тіліксіз алып тастады. Науқастың өкпесіндегі ісік флюрографиялық тексеру кезінде анықталып, онкологиялық орталыққа жолдама арқылы келген болатын. Ота жасалған күні-ақ науқас жан сақтау бөліміне емес, бірден палатаға ауыстырылды. Онкологиялық орталықта екі жылдан бері отаны видеоторакоскопиялық әдіспен жасау қолға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде алғаш рет тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен болған жиында қызметтік пәтер мәселесі қаралды. Бұл пәтер — лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде уақытша тұру үшін берілетін баспана.Бүгінде қалалық тұрғын үй қорында қызметтік пәтер мақсатына жалпы саны 137 пәтер бөлінген. Қала әкімінің орынбасары қызметтік пәтермен қамтылған азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселесіне баса назар аударуды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды. Биыл пандемияға байланысты мерекелік шараға санаулы бала ата-анасымен қатысты. Әкімшілік-іскерлік алаңындағы жасанды шыршаның биіктігі 25 метр. Оны безендіруге жалпы ұзындығы 1200 метр қылқан жапырақ, 110 дана жарық шамдар мен 760 дана алтын шар, 800 метр жылтырақ жұмсалған. Салтанатты шарада қатысушы ата-аналар қолдарындағы жарық шашқан шарларын өз балаларына ұсынды. Бұл астарлы көрініс арқылы айтылмақ болған ойды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ (АПЗ) ҚЫЗМЕТІ 3 КҮНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ең әлеуметтік маңызы бар жер, сәулет және қала құрылысы, білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі сұранысқа ие қызметтер бұл жылы электронды форматқа көшірілді. Атап айтқанда, жер, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша барлығы 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет болса, бүгінгі таңда бұл саладағы қызметтердің барлығы автоматтандырылды. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының ...

Читать далее »

ГАУҺАР ТОЙ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы АХАТ бөлімі мамандары некелескеніне 60 жыл толған ерлі-зайыптыларды мерейтойымен құттықтады. Салаға жауапты мамандар Геннадий мен Райса Ивановтардың шаңырағына арнайы барып, қуаныш иелеріне неке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Ерлі-зайыпты Ивановтар 1960 жылы отбасын құрған. Гауһар той иелері бүгінде екі перзенттен үш немере, төрт шөбере сүйіп отыр. Г. Иванов төтенше жағдай саласында 45 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында қаладғы 11 елді мекенге байланыс операторлардың базалық станциясы орнатылды. Қала тұрғындары бірнеше елді мекенде интернет пен байланыс операторлар желісінің төмендігі туралы шағымданған болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан арнайы мониторинг жүргізіліп, интернет желісі төмен шағын аудандарға базалық станция орнату жұмысын атқарылып отыр. Қазіргі таңда Асар мен Шымсити шағын аудандарына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК ЖАСТАР – 2020» ПРЕМИЯСЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 29 номинация бойынша марапатталды. Марапаттау шарасына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының бұйрығымен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды. Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1993 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған. ...

Читать далее »