Мегаполис жаңалықтары

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА ПӘТЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында ашылған «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көп балалы аналардың өмір сапасын жақсарту үшін нәтижелі жұмыс істеп келеді. Осы мақсатта бүгінде орталық қаладағы көмекке мұқтаж тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізіп, олардың сұранымына қарай мәселелерін шешуге атсалысып отыр. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» отбасы институтын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫНА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАҒДАРШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында биыл 9 жаңа бағдаршам орнатылды. Үш бағдаршам қайта жаңартылды. 220 метр жасанды жол кедергісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы аясындаТәуке хан даңғылы-Тәшенов көшесі, Тәуке хан даңғылы-Қазыбек би көшесі, Тәуке хан даңғылы-Дулати көшесі қиылыстарында интеллектуалды бағдаршамдар қойылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, интеллектуалды бағдаршамдар жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға мүмкіндік ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамында «ҚазҚайтажаңарту» РМҚК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институты, Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, ЮНЕСКО-ның ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт үні» керуен-байқауы өз мәресіне жетті. Қорытынды жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан байқау жеңімпаздарын марапаттады. — Шымкенттегі 1 миллион 50 мыңнан астам тұрғынның 32,5 пайызын этнос өкілдері құрайды. Қаламызда этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға лайықты жағдай жасалған. 16 этномәдени бірлестік осы бағытта жұмыс істеп, ұлттық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Шымкент қаласының әкімдігінде мегаполистің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын іске асыру мәселесі талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Е.Білісбековтің қатысуымен өткен жиында халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жайы да қаралды. Шымкент қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі Жол картасында 29 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында автокөлікті табиғи газға ауыстыру, көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу және жауын сулардың өзенге төгілуден алдын тазалау қондырғыларын орнату бар. Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ 120 ШӘКІРТ ТӘЛІМ АЛУДА

Жақында Тұңғыш Президент күніне орай ашылған «Нұрсәт» өнер мектебі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында негізі қаланған. Жаңадан бой көтерген мектеп 150 орынға арналған. Бүгінде 120 шәкірт хореография, көркем-сурет, хор және вокал, аспаптық, сахналық және шешендік өнер түрлері бойынша тәлім алуда. Сондай-ақ жас өнерпаздар қолөнер түрлері мен спорт, мультимедиа, IT ақпарат технологиясы бойынша тәжірибесін шыңдайды. Балалар өнер мектебіне 5 жастан бастап қабылданады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӨЗ ГҮЛДЕРІН ӨСІРУДЕ

Шымкент қаласын көктемгі көгалдандыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Онымен қоса шаһарда жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестік артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Осыған орай, Шымкент қаласы өз гүлдерін өсіруде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынған ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді. Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте белгілі жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке өңірдің бірқатар зиялылары, автордың тұрақты оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты. Рухани-танымдық маңызы зор іс-шараны айтыскер ақын Біржан Байтуов жүргізді. Ең алғаш сөз алған жас мархабаттанушы, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің 2 курс студенті Жамал Анарбай автордың шығармашылығына терең бойлап, биыл ғана жарық көрген «Түркілер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖАНДАР ЖЕТЕРЛІК

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен волонтерлер жылының жабылу салтанаты өтті. Жыл аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есеге артқан. Онлайн өткен іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және волонтерлар қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала бойынша жылды қорытындылап, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы және «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін марапаттады. – Волонтерлер жылы қоғамдағы азаматтық белсенділіктің дамуына ...

Читать далее »