Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Нақтырақ айтсақ, бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫ «DISCOVERY CHANNEL» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗЫНА» АЙНАЛДЫ
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су басқан Мақтаарал ауданында аянбай еңбек етуде. Олар Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарына жұмылдырылған. Солардың ішінде Берік Төлегенов те бар. Ол Тоғыс құтқару стансасында 5 жыл құтқарушы болып қызмет етуде. Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында Берік шәуілдеп көмек сұраған итті қайығына мінгізіп, ажалдан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді. Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, ...
Читать далее »КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жаңа өзгеріске сәйкес, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілді. Атап айтқанда: 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген ...
Читать далее »БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар. Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі — ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК 282 745 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 282 745 азаматтың ішінде 269 966 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Читать далее »12 МАМЫРДАН ХҚО-ҒА ТЕК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАРА АЛАДЫ
12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылады. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 8 380 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан арнайы антикризистік шараларды қолдану арқылы, экономикамызды дамытуға тиісті қаржы бөлінген. Бұл ретте Шымкент қаласында да нақты шаралар қолға алынды. Қала бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 224 жобаны қаржыландыру мақсатында 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобаны жүзеге ...
Читать далее »ІНДЕТПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 6 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Вирус жұқтырған 1973, 1965, 1991, 2001, 1984, 1964 жылы туған азаматтар. Оның ішінде бес ер азамат және бір әйел бар. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға ...
Читать далее »