Рухани жаңғыру

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек» байқауының номинациясына әр ауданнан үздіктер анықталды. Аудандарда құрылған сарапшылық кеңестердің шешімімен номинация жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Абай ауданы бойынша: — ...

Читать далее »

«ЦИТАДЕЛЬ» — ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты. Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛЫП НАВИГАЦИЯЛЫҚ СТЕЛАЛАР ОРНАТЫЛУДА

«Мәдени астана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр. Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн. Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі — Б. Момышұлы ...

Читать далее »

«ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

1 — 15 тамыз аралығында «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ТМД елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді. Фестивальдің мақсаты достастық елдері халықтарының арасында мәдени мұра мен рухани құндылықтардың бірегейлігін насихаттау, рухани және шығармашылық байланыстарды кеңейту, түрлі халықтардың музыкалық мәдени мұрасымен танысу, халық аспаптарында орындаушылық дәстүрлерін сақтау және дамыту, халық-аспаптық өнерді интернет кеңістігінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту. Акция аясында Толстова 121 мекен-жайында орналасқан Шымкент қалалық «Жедел жәрдем көрсету станциясы» дәрігерлеріне алғыс білдірілді. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол ...

Читать далее »

«МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады. – Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына ...

Читать далее »

ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП

Құрбандық 2020, құрбандық шалу кімдерге міндетті? Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар қандай? Оны қалай таратқан жөн? Қайырымдылық қалай жасалады? Осындай сауалдарға бүгін өткен онлайн сұхбатта жауап берілді. «Дәстүр және ғұрып» атты онлайн сұхбат Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани Жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Бейнежүздесудің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 42 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік көмекті қажет ететін 42 368 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 30 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады. Бұл көмекті атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары және айлық күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар алады. Ол үшін ата-аналар құжаттарын білім ұйымдарына ұсынуы керек. Ал жетім және жартылай, көп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Шымкент қаласының білім ұйымдары жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Басқарма басшысының мәліметінше, бірінші сыныпқа 24 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған. Бүгінге дейін 17 401 өтініш берілген. Құжаттар электрондық үкімет Egov.kz порталы және mektep.shymkent.edu.kz сайты арқылы қабылданып жатыр. «Шымкент ...

Читать далее »