Рухани жаңғыру

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ОҚУДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛДА

Шымкенттік шәкірттер «Daryn.online», «Bilimland.kz» платформаларында білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары қауымы да үздіктер қатарында. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы хабарлады. Уақыт талабына сай, төтенше жағдай кезеңінде шымкенттік оқушылар қашықтан оқытудың өткен аптасында да интернет желісін пайдалануда алдыңғы қатардан көрінуде. «Zoom», «Google class», «Edu page» бағдарламалары көмегімен де сабақ оқитын оқушылар саны артып келеді. Бүгінде Шымкенттегі 213 ...

Читать далее »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар, ҰОС ардагері ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр, ҰОС ардагері ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр Түркістан ауданы Үшқайың ауылында 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1942-1946 жылдары әскер қатарында болып, Чита қаласында жасақталған 1011 полктың Быков автоматты-барлау ротасында қызмет етті. Забайкалье майданында Қытайдың Цицикар қаласын жапон милитаристерінен тазартуға қатысты. Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков Г.К.», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдермен марапатталды. 1949 жылы ...

Читать далее »

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет, ҰОС ардагері ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет 1925 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген. 1942-1950 жылдары әскер қатарына алынып, 1034-ші дайындық полкінде болған. Одан соң Иркутск қаласындағы авиациялық училищесінде оқып, механик мамандығын алған. Авиамеханик ретінде Венгрия, Румыния, Украина, Белоруссия үшін болған шайқастарды бастан кешті, сөйтіп Германияға дейін барып қайтқан. Бұдан соң Жапониямен болған ұрыстарға қатысып, екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойды. 1950 ...

Читать далее »

ЖЕҢІСТІҢ РУХЫ БИІК, ДАҢҚЫ МӘҢГІ

ЕРГЕШОВ ҒАНИ: ҰОС ардагері Ғани Ергешов 1923 жылдың 12 мамырында дүниеге келген. 1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталған бойда Ғани қызыл әскер қатарына алынады. Оны алдымен Фрунзе қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға жіберді. Мұнда оқытудың жеделдетілген курсынан өткен соң 1941 жылдың қазан айында әскери ант қабылдады. Ал, 1942 жылы Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Шайқас кезінде Ғани Ергешов ауыр жарақат алып, ...

Читать далее »

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА — ҮЛГІ

АТАЖАНОВ Қадыр, ҰОС ардагері Атажанов Қадыр Салжанұлы 1925 жылы Шымкент қаласында туған. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы шақырылып, Ашхабад қаласында әскери даярлықтан өтеді. Ол мұнда 18-ші округтік мергендер мектебінде оқиды. Алғашқы шайқасқа 1-ші Украин майданында қатысады. Қадыр Салжанұлы 179-шы дивизияның 514-ші полкында взвод командирі, аға сержант болып қызмет етті. Ұрыс алаңдарын минадан тазарту және миналау жұмыстарымен айналысты. Луцк, Торчин, Владимир ...

Читать далее »

ЕЛ ҮМІТІН ЕР АҚТАР, ЕР АТАҒЫН ЕЛ САҚТАР

ҚАЗЫБАЕВ Абылай, ҰОС ардагері Абылай Қазыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнарбұлақ ауылында 1925 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтті. 219-шы дивизияның 2-ші гвардиялық полкі құрамында Харьков, Ворошилов қалалары түбіндегі ұрыстарға қатысты. 4-Украин, 3-ші Белорус майдандарына қатысып, Севастополь қаласын, Латвия, Литваны азат етіп, Кенигсберг арқылы Берлинге дейін барып қайтты. Жеңістен соң 1946-1950 жылдары ...

Читать далее »

КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында шетелдік студенттерге азық-түлік таратылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түлік таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде ...

Читать далее »

«QAZAQTANÝ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ ШЕТЕЛГЕ ТАРАЙДЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің республика және шет елдерге тарайтын мерзімді баспасөз ретінде «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциясы өзекті зерттеулеріңіздің нәтижелерін ғылыми басылымның 2020 жылдың маусым айында шығатын келесі VІ нөмеріне жариялауға шақырды. «Құрметті педагог-ғалымдар, жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың мамандары, білім, мәдениет және спорт басқармасының өкілдері 2020 жылы маусым айының соңында Республикалық ғылыми журналының жарыққа шығатын ...

Читать далее »

ЫНТЫМАҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ЫРЫС БІРГЕ ЖҮРЕДІ

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...

Читать далее »