Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...
Читать далее »Рухани жаңғыру
ӨНЕР ЕШҚАШАН ӨЛМЕЙДІ (БЕЙНЕ)
Шымкенттік шебер Ринат Гафуров кәдімгі ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ісмер ата кәсіпке түбегейлі ден қойғанына 8 жылдан асыпты. Қазір өзінің жеке шеберғанасы бар. Онда ағаштан иіп түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Болашақтағы арманы Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры » атты мақаласында айтқан ұлттық өнерді дамытып, ұрпаққа жеткізу. Мұндағы барлық бұйымдар – авторлық жұмыстар. Олар ағаштан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. – Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі ...
Читать далее »ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІ (БЕЙНЕ)
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жаңа идеялар ел болашағын баянды етпек. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктеп, ұлы мақсаттарға жетелейді. Маңызды құжатта тапсырылған міндеттерді Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мүлтіксіз орындап келеді. Оқу орны жас ұрпақ бойына ұлттық өнерді сіңіріп, насихаттауда. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Ұлт тарихындағы уақытқа талдау жасап, генетикаға мән ...
Читать далее »Қ.ТОҚАЕВ: «ШЫМКЕНТТІҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЗОР ЖЕТІСТІК»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауы «Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТ ТМД МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТТІ
Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды. Кітап көрмесіне қаладағы 5 кітапхана (37 бөлімшелері) өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған әжелер кештің шырайын ашты. Мерекелік шара «Piano Performance» яғни, орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға боялған пианинодан жанды дыбыста шырқалған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ «АРБАТЫНДА» ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ТАЛАНТТАР ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ТӘНТІ ЕТТІ
«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы аясында қала тұрғындарын керемет көңіл күйге бөлеген ерекше шаралардың бірі «Арбат» демалыс орнында ұйымдастырылды. Дәл бүгін «Арбат» алып театр сахнасына айналды десек те болады. «Өнерліге өріс кең» дегендей, мұнда қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары, театр әртістері көпшілікке өз өнерлерін ортаға салуда. «Арбаттың» кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТКЕ 2200 ЖЫЛ» АТТЫ УАҚЫТ КЕРУЕНІ ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі. Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында «Made in Kazakhstan» белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттарын «RoboAvia» ЖШС жасап шығарады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында Тассай тұрғын алабындағы аталған өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты. «RoboAvia» жеке кәсіпорны 2015 жылы құрылған. Заманауи жоғары технологиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару және пайдалану бойынша отандық кәсіпорын. Сондай-ақ, Қазақстандағы роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз компания. Серіктестіктің ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҒЫНА 2200 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Болашаққа тыныс» акциясы шеңберінде шынар ағашының көшеттері отырғызылады. Түркияның «Ұлттық ағаш отырғызу күніне» орай ұйымдастырылған акцияға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілі Ислам Исмаил арнайы қатысты. Али Риза Акынжы осы іс-шараның Шымкент қаласында ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ...
Читать далее »