Мәдени Астана

ШЫМКЕНТ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ТӘЖІК ЖЕРІНДЕ ГҮЛДЕЙДІ

Өткен жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылы қорытындыланып, келесі эстафета Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына табысталған болатын. Жабылау салтанаты барысында Шымкенттің 2200 жылдығына орай Душанбе қаласына 2200 қызғалдақ көшеті, 2200 кітап, қала тұрғындарының тілектері жазылған 2200 тұмар және «Отты қызғалдақ» керамикалық ваза сыйлық ретінде жіберілді. Таяуда Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке жазған хатында шымкенттіктердің ...

Читать далее »

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2000-ға жуық азамат білім алған. Оның ішінде 1394 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...

Читать далее »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беруі үшін арнайы көліктер қызмет көрсетті. Бұл шараларға 18 инватакси мен 43 әлеуметтік такси жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Жалпы, басқарма, жергілікті әкімдіктер тарапынан 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалды. Олардың ішінде 1500-ге жуық мүгедекке жеке көмекші, 300-ге жуық азаматқа ымдау ...

Читать далее »

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында өткен жылы 13 022 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 5000-ға жуық азамат тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Сонымен қатар, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 536 жас тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жалпы, қалада 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 239 443-ті құрайды. Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, 2021 жылы да жұмыссыз жүрген азаматтарды, оның ішінде жастарды «Еңбек» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен өткен кездесуде осы жылғы атқарылған жұмыстарды саралады. Басқосуда аға буын өкілдері қаланың гүлденуі мен ары қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді. –Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Алайда жаңа жыл қарсаңында шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін рақметімді жеткізгім келеді. Қаланы гүлдендіру жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Алдағы жылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды. Биыл пандемияға байланысты мерекелік шараға санаулы бала ата-анасымен қатысты. Әкімшілік-іскерлік алаңындағы жасанды шыршаның биіктігі 25 метр. Оны безендіруге жалпы ұзындығы 1200 метр қылқан жапырақ, 110 дана жарық шамдар мен 760 дана алтын шар, 800 метр жылтырақ жұмсалған. Салтанатты шарада қатысушы ата-аналар қолдарындағы жарық шашқан шарларын өз балаларына ұсынды. Бұл астарлы көрініс арқылы айтылмақ болған ойды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ (АПЗ) ҚЫЗМЕТІ 3 КҮНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ең әлеуметтік маңызы бар жер, сәулет және қала құрылысы, білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі сұранысқа ие қызметтер бұл жылы электронды форматқа көшірілді. Атап айтқанда, жер, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша барлығы 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет болса, бүгінгі таңда бұл саладағы қызметтердің барлығы автоматтандырылды. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК ЖАСТАР – 2020» ПРЕМИЯСЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 29 номинация бойынша марапатталды. Марапаттау шарасына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар ...

Читать далее »