Руханият

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ең ұлық мейрам — Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт – бір-бірімізге деген мейірімімізді оятатын, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға жол ашатын ізгі мереке. Биыл Шымкент қаласы үшін маңызды оқиғаларға толы жыл. Атап айтқанда, биыл Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуде. Оған қоса, биыл сүйікті қаламыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғаны ...

Читать далее »

«МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады. – Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына ...

Читать далее »

ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП

Құрбандық 2020, құрбандық шалу кімдерге міндетті? Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар қандай? Оны қалай таратқан жөн? Қайырымдылық қалай жасалады? Осындай сауалдарға бүгін өткен онлайн сұхбатта жауап берілді. «Дәстүр және ғұрып» атты онлайн сұхбат Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани Жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Бейнежүздесудің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Шымкент қаласының білім ұйымдары жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Басқарма басшысының мәліметінше, бірінші сыныпқа 24 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған. Бүгінге дейін 17 401 өтініш берілген. Құжаттар электрондық үкімет Egov.kz порталы және mektep.shymkent.edu.kz сайты арқылы қабылданып жатыр. «Шымкент ...

Читать далее »

ПРАГМАТИЗМ ҚАЗАҚТАРДА БҰРЫННАН БАР

Біз прагматизм туралы көп айтамыз және бұл мемлекетіміздің экономикалық табысы үшін өте маңызды мәселе. Шынымен де қарапайым шындық. Бұл әрбір адамға белгілі. Егер сен ақылмен емес, эмоцияға бағынсаң, өмір баспалдағыңды жоспарламай, орындалмас арман және үмітпен өмір сүрсең – жетістік болмайды. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ...

Читать далее »

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ БЕСЕУГЕ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Нәтижесінде, үшінші мегеполис атанған Шым шахарымызда апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, жалпы 2020 жылы қалада ...

Читать далее »

АБАЙДЫҢ ӘНІ АЛҒАШ РЕТ ЖАПОН ТІЛІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ

Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы құттықтады. Әлемнің барлық елдеріне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі. Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки ...

Читать далее »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ІС-ШАРАЛАРЫ ОНЛАЙН ӨТУДЕ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері өңірлік жобалық кеңселермен онлайн форматта талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн форматта жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске әкімдіктердің, Бағдарламаның өңірлік жобалық кеңселерінің және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты. Кеңес Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу шеңберінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 6 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласында биыл оқу жылын 172 білім беру ұйымында 8 885 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген. Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны 6 468 болса, тапсырмағандар саны – 377. Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек тестілеуге жіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек ...

Читать далее »