Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады. – Шымкентте биылғы жылдың 1, 4 және 11 мамыр күндері 3 кезең бойынша 6 912 нысан іске қосылып, 166 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріскен ...
Читать далее »Негізгі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҮНДЕУІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құрметті отандастар! ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсатында жалпы ...
Читать далее »“ИБРАГИМ АТА” КЕСЕНЕСІ
Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі ...
Читать далее »ӘЛ-ФАРАБИ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ
Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі. Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді: «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»; «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»; «Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
Шымкент қаласындағы жақында ғана Асанбай Асқаров есімі берілген дендрологиялық саябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТЕГІН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған. Оқытудың қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде: ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 1000 ГЕКТАРҒА АРТТЫ
Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында егістік көлемі 1000 гектарға артқан. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 гектарға көп. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендетілді. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЙТА АШЫЛҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. ...
Читать далее »«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. ⠀ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы — ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. ⠀ Байқау — әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және ...
Читать далее »