медицина

Үш жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған

Шымкент дәрігерлері үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді дейді дәрігерлер. Анасының айтуынша, пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Кішкентай баласының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көргенде, ойланбастан жедел жәрдемге хабарласыпты. Жедел жәрдем көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде ...

Читать далее »

Мүгедектікті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ белгілеуге болады

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Төрехан Дәуітов мәлім етті. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты әлеуметтік шиеленіс және наразылық жағдайларына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер алу кезінде табиғи жанасуды болдырмау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ КҮНДЕ 7 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді. Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар. Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. «Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. Ауруға шалдыққандар арасында: 2 ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды

Ауру жұқтырғандардың төртеуі де Шымкент қаласында тіркелген. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын. «ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-дейді мамандар. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН 75 АЗАМАТ ОҚШАУЛАНДЫ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 азамат тіркелді. Бұл науқастардың барлығы 5 сәуір күні індет анықталған 24 жастағы азаматпен тығыз байланыста болған отбасы мүшелері. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім етті. Басқарма өкілінің айтуынша, індетті жұқтырған отбасы мүшелері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауда болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық заттар жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге және 20 мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕРЗЕНТХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде ...

Читать далее »

БАС САНИТАР: «КАРАНТИННІҢ АЯҚТАЛУЫ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ТӘРТІБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин тәртіптері туралы тағы да айтты. «Карантин – коронавирус инфекциясын алдын алудың бірден-бір амалы. Үйде болыңыздар. Ешқайда шықпаңыздар. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек болмаса аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпаған абзал. Үйіңізде де профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыздар. Дымқыл шүберекпен үйді тазартып, бөлмені желдетіп, үй жағдайына арналған ультракүлгінді сәулелендіргішті пайдаланыңыз. Ультракүлгінді сәулелер вирусты өлтіруде өте тиімді. ...

Читать далее »

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТУҒАН ҮШЕМ АМАН ҚАЛДЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелер дүниеге келе сала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, бір айға жуық арнайы күтім жасайтын бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында болыпты. Биылғы жылдың үшінші үшемі 16-наурыз күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген еді. Осы күні сәбилердің анасы 34 ...

Читать далее »