Архив меток: Шымкент

ШЫМКЕНТТЕГІ АРНАЙЫ ШЕБЕРХАНА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУДА

Шымкент қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеңіл түрдегі еңбек, кәсіптік дағдылар үйретіледі. Орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттілеріне қарай 4 сағат көлемінде еңбек-емдеу терапиясы тағайындалған. Дәрігер-психиаторлардың нұсқауымен олар қолөнер бұйымдарын жасауда. Орталық мамандары емделушілер арасында бес саусағынан өнер тамған жандардың жетерлік екенін айтады. Әсіресе тері, былғарымен жұмыс істеуде ерекше қызығушылық танытады екен. — ...

Читать далее »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 259 МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы мектептерде 7 242 кезекші сыныпта 100 477 оқушы, қашықтықтан 104 393 оқушы білім алып жатыр. Өкінішке орай 65 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды (онлайн-46, оффлайн-19). Осыған орай №1, 6, 18, 22, 35, 49, 66, 99, 104, 108 мектептері карантинге жабылды. Десек те аталған мектеп оқушылары 100 пайыз қашықтықтан білім алуда. Бұл жылы мектептер 259 жаңа модификацияланған кабинетпен толықпақ. ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлімдеді. — Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орында емін-еркін жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудандағы 13 негізгі көшені аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 121 кемшілік анықталды. Олқылықтардың орнын толтыру мақсатында тиісті басқармалар мен мекемелерге хат жолданып, 9 кемшілік қайта қалпына келтірілді. Ал қалғаны аудан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында архив саласы бойынша мемлекеттік сақтауда тұрған 5 млн парақ архивтік құжатты цифрлық форматқа көшіру қолға алынбақ. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова 2021 жылға жоспарлар, перспективалары мен жаңғырту бағытындағы атқарылатын жұмыстары туралы есеп берді. Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік сақтауда тұрған шамамен 31 млн парақтық құжаттардың 80623 ...

Читать далее »

ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Шымкент қаласының туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев 2021 жылдың іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Шаһарда инвестициялық жобалар, туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетингті іс-шаралар, медициналық туризмді дамыту бағытында бірқатар жобалар қолға алынбақ. Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық жағдай жақсарып, карантиндік режим алынған соң, қалаға келетін туристер санын 2021 жылы 315 381-ге жеткізу жоспарлануда. 2020 жылдың 9 айлық көрсеткішке қарағанда, Республиканың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЭЦҚ-НЫ ОНЛАЙН АЛА АЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының мәліметінше, қала тұрғындары арасында ең танымал қызмет — «Электрондық цифрлық қолтаңба беру». 2020 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 200 мыңнан астам ЭЦҚ берілген. Мемлекеттік корпорацияның баспасөз хатшысы Алтынай Татаева ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ, қашықтан алу әдісін түсіндірді. ЭЦҚ алу үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен. Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді. Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда, ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ДЕМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын Заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Басқарма мамандары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Өткен жылы елімізде 12 өңір жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен. Оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштерге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалған. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына ...

Читать далее »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беруі үшін арнайы көліктер қызмет көрсетті. Бұл шараларға 18 инватакси мен 43 әлеуметтік такси жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Жалпы, басқарма, жергілікті әкімдіктер тарапынан 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалды. Олардың ішінде 1500-ге жуық мүгедекке жеке көмекші, 300-ге жуық азаматқа ымдау ...

Читать далее »