Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 321 344 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 162 740 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 155 383-ның өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 162 740 адамның ішінде 151 442-ы өтініштер бойынша, 11 298-ы проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған ...
Читать далее »Архив меток: коронавирус
#BIZBIRGEMIZ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты. Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек ...
Читать далее »БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІ МЕН «ҚАЗПОЧТА» ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы «Халық Банк» бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған. Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН МИЛЛИОН БЕТПЕРДЕ КЕЛІП ЖЕТТІ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті. Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін ...
Читать далее »ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ЖАЙЛЫ
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы бір жағдай анықталды. 15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша қалада індетке шалдыққандар саны 40 қа жетіп отыр. Соңғы ауру жұқтырған азаматша 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған. Өкінішке орай, диагностикалық зерттеу қорытындысынан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі ...
Читать далее »СТУДЕНТТЕР ДЕ 42500 ТЕҢГЕ АЛА АЛАДЫ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені сабақтан бос уақытта жұмыс істеп жүрген студенттер де алатынын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. – Студенттер әлеуметтік төлем ала ма деген де сұрақ келіп жатыр. Бұл ретте студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол — еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. ...
Читать далее »КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАС ВАРШАВАДАН ҰШЫП КЕЛГЕН
Шымкент қаласында 14 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Науқас 2000 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 13 сәуір күні «Варшава-Актобе-Шымкент» әуе рейсімен Шымкент қаласына ұшып келген. Науқас бірден әуежайдан оқшауланып, каратинге станционарға жатқызылған. 14 сәуір күні науқастан алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Науқаспен бір рейсте ұшып келген Шымкент қаласының 9 жолаушысы және 2 бортсерік оқшауланып, медициналық бақылауға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТТЕН ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЗ ЖҰМДЫ
Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір», бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ТҮСКІҢІЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ
«Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!». Осындай атаумен Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының дәрігерлері қала тұрғындары үшін арнайы акция өткізді. Шара барысында сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды. Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт» ...
Читать далее »МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚОНАҚҮЙГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Айта кетейік, ...
Читать далее »