Архив меток: Жастар ресурстық орталығы

«ҮЙДЕ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫНА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ҚАТЫСУДА

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «үйде бірге оқимыз» байқауына 600-ге жуық оқырман қатысамыз деп белсенділік танытып отыр. «Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында челлендж бастау алды. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

Шымкенттіктер көктемнің алғашқы күнін ерекше етіп қарсы алды. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» Аутрич, NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері өзара қаржы шығарып, мекеме алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мегаполис тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дастархан жайып, ас берді. – Наурыз келді, көктемнің алғашқы күндерінің шуағына шомып, мәз-мейрам боп жүрген жағдайымызды елмен бөлісейік деген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 300 ВОЛОНТЕР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының негізінде шаһардағы 11 ЖОО мен мамандандырылған орта оқу орындарының 3000 студенттерінің арасынан 300 ге жуық волонтер кәсіби даярлықтан өтіп, олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы, көмек көрсетуші волонтерлар қатарында болмақ. Ол үшін волонторлардың жол шығындары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкентте «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ» жасақталды Бүгін Шымкентте мектеп көшбасшылары мен түрлі салада жетістікке жеткен оқушыларды бір алаңда біріктіретін «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті. Шара Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілуде. Жастар кездесуінің барысында лига жасақталды. Лиганың мақсаты: оқушылардың түрлі салаларда дамуын қамтамасыз ету, мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру. Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды. — Қоғамда суды үнемдеу ...

Читать далее »