Архив меток: Рухани Жаңғыру

ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...

Читать далее »

ӨНЕР ЕШҚАШАН ӨЛМЕЙДІ (БЕЙНЕ)

Шымкенттік шебер Ринат Гафуров кәдімгі ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ісмер ата кәсіпке түбегейлі ден қойғанына 8 жылдан асыпты. Қазір өзінің жеке шеберғанасы бар. Онда ағаштан иіп түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Болашақтағы арманы Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры » атты мақаласында айтқан ұлттық өнерді дамытып, ұрпаққа жеткізу. Мұндағы барлық бұйымдар – авторлық жұмыстар. Олар ағаштан ...

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІ (БЕЙНЕ)

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жаңа идеялар ел болашағын баянды етпек. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктеп, ұлы мақсаттарға жетелейді. Маңызды құжатта тапсырылған міндеттерді Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мүлтіксіз орындап келеді. Оқу орны жас ұрпақ бойына ұлттық өнерді сіңіріп, насихаттауда. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Ұлт тарихындағы уақытқа талдау жасап, генетикаға мән ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҮШ ОҚУШЫ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА І ОРЫНДЫ ИЕМДЕНДІ

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысқан болатын. Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған. Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» КЕРУЕНІ ШАРАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті. «Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады. Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІ ӘДЕБИ АВТОБУС АРАЛАДЫ

http://https://youtu.be/jYAsQijxNSg Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Кітап оқып, рухани бай бол!» жобасы аясында «Әл-Фараби –Абай: рухани мұралардың тағылымы» тақырыбындағы «Кітап жолы-bookway» атты әдеби автобус акциясы өткізілді. Акция «Shymkent bus» ЖШС-ның № 158 қоғамдық көлігінде өтті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы Абай образын сомдап, әндерін орындап ғибратты әңгімесін айтып, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қызметкерлері ...

Читать далее »

ECOSANA СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫНЫҢ 4 КЕЗЕҢІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданының Сәуле шағын ауданының, Жаңабазар көшесі (Әскери бөлімше) аумағында өтті. Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілік акциясына, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жоба негізінде ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып саналатын шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары 15 қазанда бастау алып, бүгін өз мәресіне жетті. Байқауға қатысушыларды құттықтауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 2GIS КАРТАСЫНА ЕНГІЗІЛМЕК

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова және Шымкент қаласы «2 GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаровтың қатысуымен екіжақты ынтымақтастық меморандумы жасалды. Киелі тарихи орындарды нақтылау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылып отыр. Арнайы жоба шеңберінде және еліміздің тарихи-мәдени ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Зияткерлік ойындар – үздіктерді анықтайтын спорттық жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, азаматтардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызы ерекше. Өйткені жүйелі және қисынды ойлау, білім мен ғылымға бейімділік негіздерін қалауда әрі ыждаһаттылық пен табандылыққа тәрбиелеуде зияткерлік ойындар таптырмас тәрбие құралы. Бұл ойындар адамды шыдамдылыққа, тереңнен ойлауға, асығыс шешім қабылдамауға үйретеді. Шымкентте Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ...

Читать далее »