Архив меток: Ұлы Жеңіске 75 жыл

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Әлімбек Тегісбайұлы, ҰОС ардагері ТЕГІСБАЙҰЛЫ Әлімбек Амангелді ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда туған. 1943 жылы 15 сәуірде ол Арыс қаласының әскери комисариаты арқылы соғысқа аттанды. Арыс қаласынан Чита қаласына жіберіліп, 1944 жылдың 25 қаңтарында атты әскерлер полкына алынды. 1944 жылы наурыз айында алғаш рет соғысқа қатысты. Екінші Белоруссия майданында 4-ші дивизияның 16-шы полкында қатардағы жауынгер болды. Соғысты Германияның Эденбург қаласында ...

Читать далее »

ЕРЛІК ПЕН ЖЕҢІС

Аскеров Али, ҰОС ардагері АСКЕРОВ Али Грузия Республикасы, Тибилис қаласында 1922 жылы дүниеге келген. Қызыл әскерге 1942 жылы шақырылып, көп ұзамай ұрыс қимылдарына кірісіп кетті. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Совет армиясы қатарында1948 жылға дейін қызмет етті. Шымкент қаласына 1957-1960 жылдары көшіп келіп, қаладағы СМУ-да (құрылыс-монтаж басқармасы) жұмысшы, бетоншы болып жұмыс істеген. Бұдан ...

Читать далее »

ҰЛЫ ЖЕҢІС — ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Зорбанов Төрегелді, ҰОС ардагері ЗОРБАНОВ Төрегелді Шымкент қаласында туып өскен. 1926 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қызыл әскер қатарына алынып, өз еркімен соғысқа аттанған. Алғашқы жылдары Беларус майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жас болса да жасампаз ерліктің үлгісін талай көрсеткен. Соның нәтижесінде екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта жұбайы Серикбаева Балхиямен бірге тұрады.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ТОҒЫЗ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бейнебайланыс арқылы еліміздің қызметі аймақтарынан 47 ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде департаменттің 9 қызметкері марапатталды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін» медалімен: — Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы марапатталды, ол ...

Читать далее »

ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

Мылтықбаев Айтбек, ҰОС ардагері МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы 1925 жылғы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген. Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы атқыштар полкында зеңбірек командирі болып, жеңіске өз үлесін қосты. Киев, Львов, ...

Читать далее »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар, ҰОС ардагері ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр, ҰОС ардагері ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр Түркістан ауданы Үшқайың ауылында 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1942-1946 жылдары әскер қатарында болып, Чита қаласында жасақталған 1011 полктың Быков автоматты-барлау ротасында қызмет етті. Забайкалье майданында Қытайдың Цицикар қаласын жапон милитаристерінен тазартуға қатысты. Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков Г.К.», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдермен марапатталды. 1949 жылы ...

Читать далее »

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет, ҰОС ардагері ҚОЖАНАЗАРОВ Тілеуімбет 1925 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген. 1942-1950 жылдары әскер қатарына алынып, 1034-ші дайындық полкінде болған. Одан соң Иркутск қаласындағы авиациялық училищесінде оқып, механик мамандығын алған. Авиамеханик ретінде Венгрия, Румыния, Украина, Белоруссия үшін болған шайқастарды бастан кешті, сөйтіп Германияға дейін барып қайтқан. Бұдан соң Жапониямен болған ұрыстарға қатысып, екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойды. 1950 ...

Читать далее »

ЖЕҢІСТІҢ РУХЫ БИІК, ДАҢҚЫ МӘҢГІ

ЕРГЕШОВ ҒАНИ: ҰОС ардагері Ғани Ергешов 1923 жылдың 12 мамырында дүниеге келген. 1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталған бойда Ғани қызыл әскер қатарына алынады. Оны алдымен Фрунзе қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға жіберді. Мұнда оқытудың жеделдетілген курсынан өткен соң 1941 жылдың қазан айында әскери ант қабылдады. Ал, 1942 жылы Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Шайқас кезінде Ғани Ергешов ауыр жарақат алып, ...

Читать далее »

ӨРШІЛ РУХТАН ӨЛМЕС ЕРЛІК ТУАДЫ

ӘБДІНҰРОВ Сәрсен, ҰОС ардагері Әбдінұров Сәрсен Әбдінұрұлы1922 жылдың 22 желтоқсанында Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында туған. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. 1-ші Украин майданының құрамында шайқасып, Берлинге дейін барды. Соғыс біткеннен кейін 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет етті. Елге оралған соң Кемербастау ауылдық почта байланысы бөлімшесінің бастығы, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. ...

Читать далее »