Шымкент қаласында 6-шілде елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті. «Інжу-маржаным-Нұр-Сұлтан» атты бейнеконференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті. Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры ...
Читать далее »Архив меток: Рухани Жаңғыру
ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар өтті. Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар-тренинг өтті. Онлайн форматта өткен семинар-тренингке Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан 30-дан жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Аталмыш шарада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНГРЕС ӨТТІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және ӨНДІРІС БАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ»» атты тақырыбында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНГРЕСІН өткізді. Конгресстің жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасынының 3 жылдығына байланысты, Шымкент қаласының 2200 ...
Читать далее »САНСЫЗ БАБТАР МЕКЕНІНЕ ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ
Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» өткізілді. Қасиетті жұма күні қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесенеге зиярат етілді. Онлайн жүйесіндегі экспедиция тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беруді, қаланың туристік әлеуетін танытуды мақсат еткен. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі ...
Читать далее »ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай ...
Читать далее »АБАЙ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған мәдени-ағарту форумы еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстанның ...
Читать далее »«ЖЕЛБІРЕ, МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Желбіре менің жалауым!» атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды. Жастар акцияда көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үндеп, өскелең ұрпаққа толымды ...
Читать далее »ЕРЛЕРДІҢ 62,7 ПАЙЫЗЫ БАЛА ТӘРБИЕСІМЕН АЙНАЛЫСАДЫ
1 маусымда бүкіл әлемде Балаларды қорғау күні тойланады. «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» сарапшылары көп балалы отбасылар арасындағы «Қазақстандық көп балалы отбасыларының (төрт және одан да көп бала) жағдайы мен дамуын зерттеу» әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен бөлісті, оның нәтижелері төменде келтірілген. ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының деректері бойынша көп балалы отбасыларының 62,7% — ында ер адамдар балалардың тәрбиесімен әйелдермен тең ...
Читать далее »1 МАУСЫМ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бүкіл әлемде 1 маусым — Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың ...
Читать далее »РУХАНИЯТ — ЕЛДІКТІҢ ҰСТЫНЫ
Шымкент – Үшінші мегаполис атанып, республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, жеке дамуын айқындап алғалы бері қалада руханият саласына қатысты бірқатар жобалар атқарылып жатыр. 2020 жыл – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылында жоспарланған іс-шаралар коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Тағы басқа көптеген іс-шара оффлайннан онлайнға өткізілді. Сонымен Шымкентте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қандай іс-шаралар атқарылды, алдағы жоспары ...
Читать далее »