Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты. «15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ...
Читать далее »Архив меток: төтенше жағдай
ШЫМКЕНТ: БЛОК-БЕКЕТТЕРГЕ ТҮСКІ АС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет» қайырымдылық қоры Шымкент қаласында орналасқан Жыланбұзған, Жыланбұзған-1, Абдулабад, Өтеміс, Көкбұлақ, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым, Бозарық, Қайнарбұлақ, Бадам, Жаңаталап, Ақжар (Ақтас) Таскешу, Еңбекші, Айкөл, Шапырашты, Текесу сынды 18 блок-бекетте тұрған 320 азаматқа тегін түскі ас (палау, салат, нан) таратты. Ізгілікте жарысып, игілікті ісімен көпке үлгі болған имамдардың бұл ісі құрметке лайық. Себебі, қала орталығынан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ БАРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР КӨБЕЙДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі ұсынысынан кейін Шымкентте Отанға қызмет етуге ниетті азаматтардың қарасы арты. Бүгіндне қалалық әскери комиссиариятқа барып тіркеліп жатқан еріктілер көбейді. Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімін жергілікті атқарушы орган анықтайтын болады. Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен қала бойынша әзірге 100-ге жуық азаматты қабылдау жоспарланыпты. Олар залалсыздандыру ...
Читать далее »Шымкентте жауған қардан ағаштар құлап, үйлер жарықсыз қалды (фото)
Шымкент қаласында сәуірде жауған қардан жүзден аса ағаш құлап, шағынаудандар жарықсыз қалды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, бұл күні шаһарда жауған қардан жүзден аса ағаш құлап, 21 автокөлікке зақым келген. Жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ. «2020 жылғы 9 сәуірде жауған қардың салдарынан Шымкент қаласы аумағында көптеген ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Сегіз мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 18 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
Бұл туралы Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Нәтижесінде, 14 172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Бірінші тоқсанда бас ...
Читать далее »ТҰРҒЫНДАРҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында шектеу шараларын Төтенше жағдай департаментінің мамандары үйме-үй аралап түсіндіруде. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығында Шымкент қаласы аумағында карантин режимі енгізілді. Карантин кезінде тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды. ...
Читать далее »ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 20 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 азамат әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. «Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 4 СӘУІРДЕН КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Шымкент қаласында қазіргі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелген. Оның 8-і кеше анықталған. Барлығы қауіпті індет анықталған үшінші науқастың туыстары мен жақындары болып шыққан. 1-сәуірден бастап науқастардың барлығы оқшауланған. Азаматтарды қорғау және инфекцияның ары қарай таралуының алдын алу мақсатында аталған отбасы тұрған Тайманов көшесі мен оған жақын орналасқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелерін карантинге жабылды. 7 блок-бекет қойылған. Азаматтардың өмірі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА АДАМ 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК АЛДЫ
Елімізде төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 42 500 ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУДЫҢ ТӘРТІБІ
Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42 500 теңге жәрдемақы төлеудің тәртібі барынша жеңілдетілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі кеңейтілетінін мәлімдегені белгілі. Осыған орай аталған жәрдемақыны төлеудің тәртібі барынша жеңілдетілді, — ...
Читать далее »