http://https://youtu.be/jYAsQijxNSg Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Кітап оқып, рухани бай бол!» жобасы аясында «Әл-Фараби –Абай: рухани мұралардың тағылымы» тақырыбындағы «Кітап жолы-bookway» атты әдеби автобус акциясы өткізілді. Акция «Shymkent bus» ЖШС-ның № 158 қоғамдық көлігінде өтті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы Абай образын сомдап, әндерін орындап ғибратты әңгімесін айтып, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қызметкерлері ...
Читать далее »Архив меток: Абай 175
ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында этнос жастары арасында «Абай оқулары» республикалық байқауы өткізілді. Әр өңірден жарысқа 20-ға жуық адам қатысты. Байқауға Шымкент қаласының намысын қорғап №88 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Пак Темур Андреевич қатысты. Абай шығармаларын көркем шеберлікпен орындаған Темур топтан оза шығып Бас жүлдеге ие болды. Аталмыш жарыста Абайдың білім, ғылым және өнер туралы ...
Читать далее »АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ
Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. ТМД мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру аясында онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 10-30 тамыз аралығында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқулары өтеді. ТМД ...
Читать далее »АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...
Читать далее »АБАЙ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған мәдени-ағарту форумы еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстанның ...
Читать далее »АБАЙДЫҢ ОН ҮШІНШІ ҚАРА СӨЗІ
Иман деген — алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі ...
Читать далее »