Архив меток: Біз біргеміз

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 5000 ОТБАСЫҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛГЕН

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мәлімдеді. – «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, Тыл ардагерлері, ҰОС ардагеріне теңестірілгендер және ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге аудан бойынша 5000 отбасыға 50000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Ал екінші рет қаржылай көмек І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам «Халық алғысы» медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар. Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады. Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар жиында қоғамның ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА МЕЙІРІММЕН

«Серпіліс» қоғамдық қоры, «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен Мақтааралға барған психологтар тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленіп қалғандарға психологиялық көмек көрсетті. «Әсіресе, жас балалар әбден шошып қалған. Тәжірибелі психологтар балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі сабақтар өткізіп, сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы балаларды көңіл-күйіне әсер етуге тырысты. Соның нәтижесінде олар бір сәтке ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді. Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КІЛЕМІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Шымкенттегі «Bal-Tekstil» кілем фабрикасы да көмек көрсетті. Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жеткізілді. Аталған кілем керуенін «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Ысқақов мақтааралдықтарға деп арнайы көмек ретінде жөнелтіпті. «Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан 6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді. Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛҒА 10 СУ СОРҒЫШ ТЕХНИКАСЫ ЖІБЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді. Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын. Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20, АЦ – 2, УАЗ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАҚТААРАЛДА

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. 200-ден астам үй орналасқан Өргебас ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Еске сала кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасының аумағында ...

Читать далее »

КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында шетелдік студенттерге азық-түлік таратылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түлік таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде ...

Читать далее »