Архив меток: Жанат Тажиева

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Мектепке 1 сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді. Құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы 35-40 болған №1,16,22,29,38,42,46,45,47, 50,53,54,55,58,59,65,69,72,75,77,78,81,83, 88,92,94,95,103,104,115,116,120,122,130 мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылған. Бұл шектеу ҚР денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы ...

Читать далее »

МЕКТЕПТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА РҰҚСАТ ЖОҚ

Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар ыстық тамақпен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен. Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді. Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «HR-PROCESS.KZ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 438 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. – Шымкент қаласында III тоқсанда бітіруші, яғни, 9-11 сынып оқушыларын санитарлық талаптарды сақтай отырып 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі. Ал жыл басынан бері қаладағы білім ұйымдары 47 330 компьютерлік техникамен толығып, олардың жалпы саны 56 556-ға жетті. Одан бөлек, үшінші мегаполис еліміз бойынша ...

Читать далее »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейіне барып, 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады. Оқу сыныптарын аралап, БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Қалада жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемелерімен 320 мыңға жуық білім алушылармен басталғалы отыр. Қала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН БІЛІМ АЛУДАН І ОРЫНДА

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін оқушыларға мектептердегі 10 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛДІ

Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Әл-Фараби ауданының ТЖ бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларын онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды. Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының ...

Читать далее »

ОНЛАЙН ДӘРІСТЕРДІ ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАЛАР ДА КӨРСЕТЕДІ

222 мың оқушы 6 сәуірде басталатын IV тоқсанда республикалық және жергілікті арналар мен интернет платформаларының көмегімен білім алады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер ...

Читать далее »

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат мәлімдеді. Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – ...

Читать далее »