Архив меток: ауыл шаруашылығы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Шымкент қаласында 2019 жылдан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы шеңберінде шаруаларға қолдау көрсеткелі бері бұл салада даму қарқын алды. Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған шаруалардың да саны артқан. Атап айтқанда, 2019 жылы 76 шаруаға 1 114,0 млн теңге субсидия берілсе, өткен жылы 102 азаматқа 1 069,3 млн теңге қаржы үлестірілген. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Шымкент қаласында күзгі егін жинау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 27,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты. Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дала жұмыстарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді. Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор және 35 комбайн жұмылдырылған. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша биыл жалпы 6 819 адамды қамтамасыз ету жоспарланды. Бүгінде нақты 4 816 адамға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 1 850 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделген болатын. 9 айдың нәтижесінде бірінші ағыммен 2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Сонымен қатар, 55 адамға шағын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 136 ГЕКТАР АУМАҚҚА ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында 2 агро-индустриалды аймағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 га аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінеді. Бірінші кезеңде қарастырылған жобаларға 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салатын 8 инвестор анықталды. Оларға 12 жылға жер жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды. Ал, екінші кезеңде 60 га жылыжайды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық ...

Читать далее »

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ ЕҢ КӨП ТҰТЫНАТЫН ТАҒАМЫ — СҮТ ПЕН СҮТ ӨНІМДЕРІ

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдарының бірі — сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған. Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен. Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй ...

Читать далее »

АСАР ШАҒЫНАУДАНЫНДА 100 ОТБАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүлдер көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Бүгін Асар шағынауданында өткен жиында да саланы дамыту жайы талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС-нің директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Ғ.Садыбеков және «ASAR AGRO» кооперативінің басшысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды. Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады. Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді. Айта кету ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘЛЕМНІҢ 11 ЕЛІНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАДЫ

Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6 млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті. Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, ...

Читать далее »