Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және ...
Читать далее »Архив меток: дәстүр
ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛАДЫ
Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен 20 қыз баланың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімге өңірдің танымал аналары, қыз-келіншектері Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ақмарал Құдайбергенова, ...
Читать далее »ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫП (БЕЙНЕ)
«Дәстүр мен ғұрып». Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңадан қосылған арнайы жобасы. Мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Бұл жобаның іске асырылуында «Салт дәстүр және әдет ғұрып» орталығының қосқан үлесі ерен. Еліміздегі тұңғыш бірегей орталық ...
Читать далее »ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД
Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...
Читать далее »ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП
Құрбандық 2020, құрбандық шалу кімдерге міндетті? Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар қандай? Оны қалай таратқан жөн? Қайырымдылық қалай жасалады? Осындай сауалдарға бүгін өткен онлайн сұхбатта жауап берілді. «Дәстүр және ғұрып» атты онлайн сұхбат Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани Жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Бейнежүздесудің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы ...
Читать далее »ТАБАҚ ТАРТУДЫҢ ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ
Қазақ халқында сонау заманнан сақталып келе жатқан үрдістің бірі- табақ тарту. Рәсімнің түрлері де өте көп. Кейбір деректерге сүйенсек, қонаққа тартатын табақтың саны 50-ге жетіп қалады. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Табақ тартудың түрлеріне тоқталмас бұрын рәсім жайлы айтып өтсек. Қазақта табақ тартудың айшықталған көрінісі орта ғасыр дәуірінде ...
Читать далее »АУЫЗҒА ТҮКІРУ ЫРЫМЫ
Ауызға түкіртіп алу -аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Қазақтың бұл ырымы ел ішінде әлі де жасалып келеді. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға ...
Читать далее »СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ТІСІ НЕГЕ ҚАҒЫЛАДЫ?
Бастың тісін қақпай әкелу өкпе, назды білдіретіні туралы Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді. «Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастархан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде: – Дастарханың толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін сен жіберген ...
Читать далее »ШІЛДЕХАНАНЫҢ МӘНІ НЕДЕ?
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” ...
Читать далее »