Шымкент: TOLEM жүйесі істен шықса, қоғамдық көліктерде тегін жүруге болады. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады. «Құрметті қала тұрғындары! 1 ақпаннан бастап ТӨЛЕМ жүйесі істен шыққан жағдайда, қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететін хабарлаймыз».-делінген хабарламада.
Читать далее »Архив меток: қоғамдық көлік
«iKOMEK» ТҰРҒЫНДАРҒА БАҒЫТТАР ТУРАЛЫ ОНЛАЙН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУДЕ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен онлайн аппараттық жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қала тұрғындарынан келіп түсетін арыз-шағымдар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Жалпы қаламызда 20 көлік компаниясы күнделікті 64 маршрутта, 1040 қоғамдық көлік арқылы жолаушыларға қызмет көрсетуде. Осы орайда тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты келіп түсетін шағымдарды азайту негізгі жолға қойылған. Аталған басқарманың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА
Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы қолданысқа енгізілуде. Аталған кешенді схемаға сәйкес, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары оңтайландырылмақ. Қазіргі таңда бірінші кезекте №74, №84, №92, №135, №35, №12, №103 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді. Яғни, сиымдылығы үлкен жаңа автобустар тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ
9 қарашадан бастап, қоғамдық көлікте жолақысы карта бойынша – 70 теңге, қолма-қол төлеу 100 теңге болғанын хабарлаймыз. Карталарды қаладағы ірі дүкендер мен автобустардан, ХҚКО және жұмыспен қамту орталықтарынан ала аласыздар. Егер, картаңыз бола тұра, автобустарда картамен төлем қабылдайтын аппараттарда техникалық ақау болса, Сіз 70 теңге төлей аласыз. Сондай-ақ, оқушылар мен студенттер және тегін жүретін санаттағы жолаушылар бұрынғысынша студенттік картаны немесе ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ 189 ОРАМДАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН БІР АЙДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ
Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелерімен қашықтықтан қабылдау барысында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына берді. Онлайн қабылдау барысында Қаратау ауданының тұрғыны А.Айдаров 189 орамдағы газ мәселесін көтеріп, жарық пен ауыз судың жиі өшетіні туралы шағымын жеткізді. Осы ретте, қала басшысы тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейтінін айтып, салалық жетекшілерге электр жарығы мен ауыз суда тұрақты берілуі тиіс ...
Читать далее »ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯЛАРҒА БЕТПЕРДЕ БЕРІЛГЕН
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. – Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін бақылайтын 11 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Нәтижесінде талапқа сай жұмыс істемей жатқандар кездесуде. Яғни, кей күндері амалсыз 3 көлік жүргізушісімен келісімшартты бұзған сәттеріміз болуда. Бұл ретте тасымалдаушы компанияларға арзан бағада бетперде әпергенімізді айта кетейін. Егер ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік ...
Читать далее »БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шымкент қаласы аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. Сонымен қатар, ертеңнен бастап, таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында қоғамдық көліктер де жұмысқа кіріседі. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның ...
Читать далее »ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ?
Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап, қоғамдық көліктер таңғы 07.00 мен 21.00 аралығында жүре бастайды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. Сондай-ақ, брифингте Шымкент ішіндегі посттардың барлығы алынғанымен, қала сыртындағы 18 блок-пост жұмысын тоқтатпайтыны жайлы да айтылды. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер де қала береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...
Читать далее »