Архив меток: құрылыс

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте құрылыс жұмыстары қайнап жатыр. Қазіргі таңда мегаполисте екі Оқушылар сарайы, шығармашылық орталық, алты Өнер мектебі, Конгресс –Холл, мектептер салынуда. Мұның барлығы дерлік партия бақылауында. Сайлауалды бағдарламаға енген барлық нысанға партиялық бекеттер орнатылып, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы партиялықтар назарында. «AMANAT» партиясы жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етуде. Мәселен, бүгін қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрсәт» ықшамауданында ...

Читать далее »

КОНГРЕСС- ХОЛЛ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Партияның республикалық, қалалық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ бүгін Қаратау ауданына қарасты құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, бой көтеріп жатқан нысанның бірі-Шымкент сити шағынауданында орналасқан Конгресс-холл. 5 блоктан тұратын 3 қабатты ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған екен. Мердігерлердің айтуынша, ...

Читать далее »

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері бүгін мегаполистегі аяқталған және салынып жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Анығырақ айтсақ, партияластар М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы және Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимараттарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Білім ордаларына қалалық маслихат депутаттары, қалалық партиялық бақылау комиссия мүшелері, білім беру және құұрылыс басқармасының басшылары және бұқаралық ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ДЕМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын Заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Басқарма мамандары ...

Читать далее »

№ 2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ҒИМАРАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі. Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде. Қазіргі таңда нысанның ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. «Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет ...

Читать далее »

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған. Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 30 АУЫЗ СУ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте қала халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, тұрғындарды толыққанды сапалы ауыз сумен қамту үшін биылғы жылы қалада 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Басқарма мамандарының мәлімдеуінше, биыл осы нысандардың 19-ы ел игілігіне беріледі. Ал қалған 11 нысан келер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «SHYMKENT» ӘКК» АҚ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы әлеуметтік саладағы құрылыс мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда салаға жауаптылар қазіргі таңға дейін атқарған жұмыстары жайлы қала әкіміне баяндады. «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасы Бауыржан Канкиннің айтуынша, осы күнге дейін жоспарланған 66 жобаның 32-сі жүзеге асқан. Қалған 31 жоба жасалу үстінде екен. Ал 3 жоба нақтыланып жатыр. Оның ішінде, үй құрылысы – 9, ...

Читать далее »

7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді. Оның ішінде жер қатынастары – 3986, карантин кезінде қалада жүріп тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналдық шаруашылық – 314, баспана мәселесі бойынша – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс ...

Читать далее »