Архив меток: ҰОС ардагерлері

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТЫ — ЕРЛЕР!

Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған. Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған. Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Читать далее »

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ!

Сұлтанбеков Нұргелді, ҰОС ардагері СҰЛТАНБЕКОВ Тұргелді 1923 жылдың 11 мамыр күні Ордабасы ауданы «Ленин туы» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, танкілі-атқыштар полкінде қызмет етті. 1944 жылы Литвадағы шекара қызметіне жіберілді. Шекарашылардың әскери жасағында 1948 жылға дейін болып, Литва қалалары маңындағы бандиттік құрылымдарға қарсы соғысты. Елге оралғаннан кейін Шымкент педагогика институтында оқып, тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Алғабас ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА

Төлебеков Қаратай, ҰОС ардагері ТӨЛЕБЕКОВ Қаратай 1924 жылдың 15 наурызында Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген. Соғыс және еңбек ардагері. Дербес зейнеткер. 1942-1945 жылдары Калинин, Екінші Балтық майдандарында шайқасқан. Қатардағы жауынгерден взвод командирі, батальон комсоргы, әскери химик болды. 1950 жылы әскерден босап, елге оралған соң партия-совет қызметтерін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай, қырық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі. 9 мамырға ақшалай төлем ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. Атап айтқанда, 3851 тыл ардагерге 33 336 теңге, 1490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге, 31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып, мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ...

Читать далее »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Әлімбек Тегісбайұлы, ҰОС ардагері ТЕГІСБАЙҰЛЫ Әлімбек Амангелді ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда туған. 1943 жылы 15 сәуірде ол Арыс қаласының әскери комисариаты арқылы соғысқа аттанды. Арыс қаласынан Чита қаласына жіберіліп, 1944 жылдың 25 қаңтарында атты әскерлер полкына алынды. 1944 жылы наурыз айында алғаш рет соғысқа қатысты. Екінші Белоруссия майданында 4-ші дивизияның 16-шы полкында қатардағы жауынгер болды. Соғысты Германияның Эденбург қаласында ...

Читать далее »

ЕРЛІК ПЕН ЖЕҢІС

Аскеров Али, ҰОС ардагері АСКЕРОВ Али Грузия Республикасы, Тибилис қаласында 1922 жылы дүниеге келген. Қызыл әскерге 1942 жылы шақырылып, көп ұзамай ұрыс қимылдарына кірісіп кетті. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Совет армиясы қатарында1948 жылға дейін қызмет етті. Шымкент қаласына 1957-1960 жылдары көшіп келіп, қаладағы СМУ-да (құрылыс-монтаж басқармасы) жұмысшы, бетоншы болып жұмыс істеген. Бұдан ...

Читать далее »

ҰЛЫ ЖЕҢІС — ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Зорбанов Төрегелді, ҰОС ардагері ЗОРБАНОВ Төрегелді Шымкент қаласында туып өскен. 1926 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қызыл әскер қатарына алынып, өз еркімен соғысқа аттанған. Алғашқы жылдары Беларус майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жас болса да жасампаз ерліктің үлгісін талай көрсеткен. Соның нәтижесінде екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта жұбайы Серикбаева Балхиямен бірге тұрады.

Читать далее »

ЕРЛІК, ЖЕҢІС — БІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

Мылтықбаев Айтбек, ҰОС ардагері МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы 1925 жылғы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген. Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы атқыштар полкында зеңбірек командирі болып, жеңіске өз үлесін қосты. Киев, Львов, ...

Читать далее »

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА — ҮЛГІ

АТАЖАНОВ Қадыр, ҰОС ардагері Атажанов Қадыр Салжанұлы 1925 жылы Шымкент қаласында туған. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы шақырылып, Ашхабад қаласында әскери даярлықтан өтеді. Ол мұнда 18-ші округтік мергендер мектебінде оқиды. Алғашқы шайқасқа 1-ші Украин майданында қатысады. Қадыр Салжанұлы 179-шы дивизияның 514-ші полкында взвод командирі, аға сержант болып қызмет етті. Ұрыс алаңдарын минадан тазарту және миналау жұмыстарымен айналысты. Луцк, Торчин, Владимир ...

Читать далее »